• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ АҚШ-ТЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ

27.05.2021
0

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттарының Бас консулы Эрик Майермен кездесті. Кездесу кезінде тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Қос тарап әңгімелесу барысында екі ел арасындағы туризм мен өзара әріптестік қарым-қатынас туралы пікірлесіп, ой бөлісті, — Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Өмірзақ Естайұлы шетелдік делегаттарды Түркістан өңірінің тарихы мен инвестициялық әлеуетімен таныстырды. АҚШ-пен қарым-қатынасты дамытуға және нығайтуға үлкен мән берілетінін айтқан облыс әкімі Түркістан облысында бизнес климатты дамыту туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді. Облыс басшысы американдық компаниялар тарапынан қызуғышылық тудыратын бірқатар жобаларды таныстырды. Қонақ үй, мейрамхана бизнесі мен білім, ақпараттық технологиялар және ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу саласына инвестиция салып, әріптестік орнатуға шақырды. Индустриалды аймақта жеке кәсіпкерлікті дамыту бағытында берілген мүмкіндіктер мен жеңілдіктер жайлы жеткізді.

«Біз үшін АҚШ – сенімді серіктес. Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Түркістанды тек облыс орталығы ғана емес, жалпы түркі әлемінің астанасы, мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында Түркістан облысы құрылғалы 157 нысан бой көтерді. Туризм саласын дамыту, оның әлеуетін арттыру және туристерге тартымды ету – басты талаптарының бірі. Бүгінде шаһарға жылына 1,5 млн. турист келуде. Алдағы жылдары олардың қатары 5 миллионға жетпек. Біз жай ғана туризм емес, археологиялық туризмді дамытқымыз келеді. Еуропалықтарды, ағылшындарды, жапондықтар мен қытайларды туристер ретінде көргіміз келеді. Барлық бастамаларға, жобаларға дайынбыз. Ынтымақтастық пен серіктестікке ашықпыз», – деді Өмірзақ Шөкеев.

АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы тарихи-мәдени есерткіштерге бай Түркістан өңірінің бұл байлығын туризм көзіне айналдырып, құнды ресурс ретінде пайдаланудың маңыздылығын құптады. Шетелдік делегация Түркістан өңірі мен облыс орталығының болашақ экономикалық даму бағытына оң баға беріп, аймақтың алдағы жылғы даму тұжырымдамасындағы бірқатар жобаларға қызығушылық танытты. Бас консул қос елдің бірлескен іскерлік жобалары тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік жағынан да үлкен мәнге ие екендігін айтып өтті. Білім саласын дамытуда тәжірибе алмасуда ниет білдірді. Кездесу соңында тараптар екі ел халықтарының игілігі үшін барлық бағыттар бойынша екі жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

Түркістан облысы құрылғалы 600 млн. АҚШ долларының 91 жобасы жүзеге асты. Алты мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Алдағы 4 жылда 3,6 млрд. АҚШ долларының 97 жобасы жүзеге асып, 22 мың жұмыс азамат тұрақты жұмысқа орналасады.

Previous Post

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСЫҢЫЗ!

Next Post

БИЫЛ КЕЗЕКТЕ ТҰРҒАН 1 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖЕР ТЕЛІМІН АЛАДЫ

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.