• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қыркүйек 10, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

АЛМАТЫ ӘУЕЖАЙЫНДА «ASHYQ» ЖҰМЫС ІСТЕЙ БАСТАДЫ

21.05.2021
0

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес Алматы қаласының әуежайында ағымдағы жылдың 21 мамырынан «Ashyq» пилоттық жобасы іске асырыла бастады. Жоба жұмысы бекітілген алгоритмдерге сәйкес жүргізіледі, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. 

Алгоритмнің талаптарына сәйкес азаматтардың Алматы қаласы әуежайының ғимаратына кіруіне рұқсат жолаушы арнайы QR-кодты сканерлеп, оның өз мәртебесін анықтау үшін әуежай қызметкеріне кіреберісте ұсынған жағдайда жүзеге асырылады.

Жолаушыларға мәртебе «ПТР-зерттеулердің бірыңғай интеграциялық порталы» және «ҚР Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 бақылау орталығы» ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтерді салыстыру негізінде беріледі.

Атап айтқанда, «Жасыл» мәртебе жолаушыға еш кедергісіз қозғалуға мүмкіндік береді. Бұл жолаушының мәліметтер базасында COVID-19-ға ПТР-тестілеуден 72 сағаттан аспайтын уақыт бұрын өтіп, теріс нәтижесі бар адам ретінде сақталғандығын білдіреді. «Көк» мәртебе ПТР-тестілеу нәтижесінің жоқтығын көрсетеді. Бұл азаматтар науқастармен байланысқа түскен деп саналмайды. Аталмыш мәртебесі бар жолаушылар ПТР-тесттің нәтижелері талап етілетін орындардан басқа барлық жерде еркін қозғала алады. Ал «Сары» мәртебе науқаспен байланысқа түскен адамдарға беріледі. Олардың азық-түлік алуына немесе үйдің жанындағы дәріханаға баруына рұқсат етілсе, басқа қоғамдық орындарға баруына тыйым салынады. КВИ-ға ПТР-тест тапсырып, оң нәтиже алған жолаушы «Қызыл» мәртебеге ие болады. Бұл мәртебенің иелері оқшауланудың қатаң режимін сақтауы тиіс.

Жолаушының смартфоны болмаған жағдайда, әуежай қызметкері азаматтың келісімімен ақпараттық жүйеде оның ЖСН тексеріп, мәртебесін біле алады.

Шетел азаматтарының мәртебесі паспорт нөмірін енгізу арқылы тексеріледі.

«Ashyq» жобасын іске қосу қызыл және сары мәртебесі бар жолаушылардың аумаққа өтуіне жол бермеу арқылы әуежайда және әуе кемесінің бортында жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді.

Еске салайық, «Ashyq» пилоттық жобасы ағымдағы жылдың 12 мамырында Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайында іске қосылған болатын. Бүгінгі таңда жолаушылардың мәртебесін анықтау республиканың екі әуежайында жүзеге асырылады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ШЫМКЕНТТЕН АЛҒАШҚЫ САРБАЗДАР ОТАН ҚОРҒАУҒА АТТАНДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарындағы бөлімдерге алғашқы шақырылушыларды аттандыруға арналған салтанатты рәсім өтті. Еліміздің болашағын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рахымов есімін иеленген әскери колледждің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі,...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ШЫМКЕНТ ГАРНИЗОНЫНДА ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Шымкент гарнизонына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар әскери бөлімдер мен мекемелердің қызметін, инфрақұрылымын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ЕСІРТКІ ЖЕТКІЗУ АРНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері ірі көлемдегі синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. Қоғамда «Заң мен тәртіп»...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

КЕЗЕКТІ  «ЖАС САҚШЫ» СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мектепте жаңа «Жас сақшы» кадет сыныбының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа сыныпқа қызмет бабында ерлікпен қаза...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында республикалық «Бақытты отбасы – бақытты ел» акциясы басталды. Шараны Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы мемлекеттік...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.