• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Ақпан 17, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Агро

ҚЫТАЙ ИНВЕСТОРЛАРЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕКІ ЗАУЫТ САЛМАҚ

14.05.2021
0

Қытай инвесторлары Түркістан облысында автобустар мен электраккумуляторын жасап шығаратын зауыт салмақ, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Бұл жөнінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Қытай Халық Республикасының кәсіпкерлерін қолдау қауымдастығының президенті Хуан Линьмен кездесуі барысында талқыланды. Басқосу нәтижесінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қауымдастық президенті сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтіп, Түркістан облысында өз бизнесін дамытқысы келетін қытайлық кәсіпкерлердің саны артқанын жеткізді.

«Қасиетті Ораза айт күні кездесіп отырғанымызға қуаныштымыз. Айтыныз қабыл болсын. Түркістан облысы өте қарқынды даму үстінде. Қытайдың көптеген инвесторлары осы Түркістан облысына келіп, жұмыс істеуді армандайды. Біздің қауымдастықта 20 мыңнан астам орта және кіші кәсіпорындар бар. Пандемия жағдайына байланысты инвесторлар келе алмай отыр. Әзірге автобустар мен электраккумуляторын жасап шығаратын екі зауыт салуды көздеп отырмыз»,-деді Қытай Халық Республикасының кәсіпкерлерін қолдау қауымдастығының президенті Хуан Линь.Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастарды, іскерлік байланыстар мен ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Облыс басшысы Хуан Линді өңірдің экономикалық әлеуетімен таныстырып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды. Облыс әкімі электр қуатымен жүретін автокөліктерге арналған аккумулятор жасап шығаратын зауыттың құрылысына ерекше мән берді.

«Бұл — болашағы бар жоба. Алдағы уақытта сұранысқа ие болары анық. Сондықтан қолдауға дайынбыз. Индустриалды аймақта бір айдың ішінде еркін экономикалық аймақ қалыптастырылады. Инвесторларға барлық жағдай жасалады. Жер бөлінеді. Электр қуаты мен газбен қамтамасыз етіліп, темір жол қызметі ұсынылады. Сонымен қатар, салықтан босатылады. Елімізде сұранысқа ие болатын жобаларды қолдауға біз әрқашан дайынбыз»,-деді Өмірзақ Шөкеев.Қысқа мерзім ішінде еркін экономикалық аймақ ретінде құрылатын индустриалды аймақтың жалпы аумағы 350 га. Ондағы түрлі алаңдарда инвестициялық жобаларды іске асыруға мол мүмкіндік берілген. Түркістан облысы құрылғалы өңірге 3,5 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған. Алдағы төрт жылда 3,6 млрд. АҚШ долларын құрайтын 97 жоба іске асырылады. Нәтижесінде 22 мың адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚАЗАҚСТАНДА COVID-19-ДЫҢ БЕС ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Денсаулық сақтау министрлігінде бұл «Омикрон» коронавирус штаммына қатысты екенін нақтылады.Жұқтырудың бес жағдайын Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тіркеді. «Өткен...

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Алматы облысы Талғар ауданы, Жаңалық ауылында орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде белгілі ғалым, профессор Дәулет Мұхамеджанұлы Шейх-Әли Тынышбаевты еске алу...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖОБАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум тағайындау...

СОЗАҚ АУДАНЫ АЛҒАШ РЕТ ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Созақ ауданы барып, Шолаққорған ауылдық округінде табиғи газ желілерін іске қосу рәсіміне қатысты....

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИЛІГІ ҮШ АДАМНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

2026 жылдың 23 қаңтарында Абай және Келес аудандарының үш тұрғыны ауыр жағдайда 2-деңгейлі Инсульт орталығынан 3-деңгейлі Облыстық клиникалық аурухана жанындағы...

МИХАИЛ ШАЙДОРОВ — МИЛАН ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Араға 32 жыл салып Михаил Шайдоров еліміздің қоржынына алтын медаль салды.Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровқа жоғары шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері үшін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.