• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Тамыз 8, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездесті

20.04.2021
0

Мемлекет басшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездесу өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстанмен ынтымақтастық Ресей Федерациясымен арадағы кешенді іс-қимылдардың ішіндегі ең маңыздысы саналатынын атап өтті.Мемлекет басшысы Татарстан Президентінің жақында Қарағанды облысына жасаған сапарын жоғары бағалады. Сол сапар кезінде Саран қаласында дөңгелек шығаратын зауыт іске қосылған болатын.

– Біз бұл кәсіпорынға үлкен үміт артып отырмыз. Қазақстандықтардың үлкен бір тобына Татарстанда білім алуға мүмкіндік жасағаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Мен мұны бұдан кейін де жалғасы болатын нақты жоба деп білемін. Біздің нарықта «Татнефть» компаниясынан басқа, «КамАЗ» кәсіпорнымен бірлескен жобаларымыз да бар, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстанмен мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайта беруге бейілді екенін жеткізді.

– Біз татар мәдениетін өте жақсы білеміз және құрметтейміз. Сіздердің мәдениеттеріңіз біздің елде кеңінен танымал. Таяу уақытта, пандемия біткеннен кейін Қазақстанда Татарстан мәдениеті мен өнерінің күндерін өткізуге келісеміз деп ойлаймын. Біз бұл іс-шараның табысты өтуі үшін барлық жағдайды жасаймыз, – деді Мемлекет басшысы.Қасым-Жомарт Тоқаев Рустам Миннихановқа Нұр-Сұлтан қаласынан татар халқының көрнекті өкілі, айтулы ақын Ғабдолла Тоқайдың атына бір көше берілетіні жайында айтты. Бұл екі халық арасындағы ынтымақтастықтың жарқын белгісінің бірі болмақ.

Өз кезегінде Татарстан Президенті Қазақстанға жасаған кезекті сапарының табысты өткеніне ризашылығын білдірді.

– Ресей-Қазақстан қарым-қатынастары аясында Татарстан көптеген жобаларды іске асырып жатыр. Екіжақты байланыстардың іргетасы берік. Біздің Тұңғыш Президентіміз Минтемір Шарипович Шаймиев Сізге дұғай сәлем айтып жатыр. Оның Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлымен байланысының арқасында өзара қарым-қатынасымыздың негізі мықты қаланған, – деді Рустам Минниханов.Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Татарстан арасындағы сауда-экономикалық, өнеркәсіптік, энергетикалық кооперацияларды одан әрі нығайту, сондай-ақ, коронавирус пандемиясымен бірлесіп күресу мәселелерін талқылады.

Дереккөз: akorda.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

БИЛІК ҚЫСТЫҢ ҚАМЫН ОЙЛАУҒА КІРІСТІ

БИЛІК ҚЫСТЫҢ ҚАМЫН ОЙЛАУҒА КІРІСТІ

Айғақ медиа
08.08.2025
0

 Биыл қыста Шымкенттіктер жылусыз қалмайды. Дәл осылай деген қалалық мәслихат төрағасы шаһардағы бірқатар жылу жүйесін аралап, дайындық барысымен танысты. Төрт...

800-ГЕ ЖУЫҚ БОС ЖҰМЫС ОРНЫ БАР

800-ГЕ ЖУЫҚ БОС ЖҰМЫС ОРНЫ БАР

Айғақ медиа
08.08.2025
0

2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы. Бұл бастама аясында елімізде миллиондаған азаматты тұрақты жұмыспен қамту – басты міндет. Осы мақсатта...

АДАМ ҚҰҚЫҒЫ — ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

ОЙЛЫ ҰРПАҚ — ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Айғақ медиа
08.08.2025
0

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында ел көлемінде түрлі танымдық-мәдени жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі – “Бұлақ көрсең – көзің...

АДАМ ҚҰҚЫҒЫ — ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

РЕЙДТІК ТЕКСЕРІСТЕР ЖҮРГІЗІЛДІ

Айғақ медиа
08.08.2025
0

Ата-анасының қарауынсыз түнгі уақытта жүретін жасөспірімдердің саны аз емес. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен елімізде «Түнгі қаладағы балалар» атты...

АДАМ ҚҰҚЫҒЫ — ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ҚЫЗМЕТІ ТЕКСЕРІСТЕН ӨТТІ

Айғақ медиа
08.08.2025
0

Шымкент — еліміздегі жер сілкінісі қаупі жоғары аймақтардың бірі. Осыған байланысты қалалық төтенше жағдайлар қызметтері «Жер–2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының практикалық...

АДАМ ҚҰҚЫҒЫ — ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

АДАМ ҚҰҚЫҒЫ — ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

Айғақ медиа
08.08.2025
0

Шымкент қаласында азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған маңызды басқосу өтті.«Generation» қоғамдық бірлестігі «Оңтүстік Қазақстанда азаматтық белсенділік пен адам құқықтарын ілгерілету» жобасы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.