Онлайн режимде оқу кезінде коронавирус жұқтырған оқушылардың саны мектепке барып вирус жұқтырғандардан екі еседен көп. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Оқытудың дәстүрлі форматы енгізілгеннен бері оқушылар арасында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны өскені байқалады. Төртінші тоқсанның басынан бері 3 706 бала ауырып қалды, оның ішінде білім алушылар арасында офлайн — 1093, онлайн — 2613. Төртінші тоқсанда вирус анықталған, дәстүрлі форматта оқитын оқушылардың ең көп пайызы Қызылорда, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында. Ал қашықтан оқитындар арасында Нұр-Сұлтан мен Алматыда көп анықталды», — деді Цой Үкімет отырысында.
Министр әкімдіктер санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын және білім беру ұйымдарында коронавирустың алдын алу шараларының орындалуына тұрақты бақылауды қамтамасыз етуі қажет екенін айтты.
«Қызыл аймақта орналасқан өңілер офлайн режимде оқуды қайта бастамасын», — деп тапсырды Алексей Цой.