• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Сәуір 4, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

МӘМС ПАКЕТІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА КӨРСЕТІЛЕТІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ТУРАЛЫ ТОП-10 СҰРАҚҚА ЖАУАП

20.04.2021
0

— Балаларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын төлеу қажет пе?

— 18 жасқа дейінгі балалар жеңілдікті санатқа жатады, яғни олар үшін мемлекет МӘМС үшін аударымдар жасайды. Сондықтан медициналық сақтандыру пакетіндегі медициналық көмек балаларға толық көлемде тегін.

— Балаларға арналған стоматологиялық қызметтер МӘМС пакетіне кіреді ме және қандай қызметтерді тегін алуға болады?

— 18 жасқа дейінгі балаларға стоматологиялық көмек шұғыл және жоспарлы түрде тегін көрсетіледі. Медициналық сақтандырудың стоматологиялық қызметтер пакетіне мыналар кіреді:

— тісті жансыздандыру және жұлу;

— пломба салу;

— абсцесстерді ашу;

— пульпит, периодонтитті емдеу;

— гипоплазия, флюороз кезінде тістің анатомиялық пішінін толық функционалдық қалпына келтіру;

— еріндер мен тілдердің пластикасы;

— рентгенография;

— ортодонтиялық қызметтер: жақ-бет аймағының туа біткен патологиялары және таңдайдың бөлінуі (қасқырдың аузы) болған кезде.

Стоматологиялық көмек алу үшін емханаға да, стоматологиялық клиникаға да жүгіне аласыз. Бұл ретте, стоматологиялық қызмет көрсететін клиника Қордың әлеуетті жеткізушісі болуы тиіс.

Стоматологиялық қызметтерді жеткізушілердің тізімін қордың сайтынан көруге болады https://fms.kz/kz/zakupki/postavshchiki-kdu-uslug/.

— Қандай жағдайларда балалар құрғақ сүт қоспаларымен тегін қамтамасыз етіледі?

  • Бір жасқа дейінгі балалар үшін бейімделгіш құрғақ қоспалар тіркелген жеріндегі емханаларда мынадай жағдайларда беріледі:

—   нәрестені асырап алу;

— анасында АИТВ инфекциясының немесе туберкулездің белсенді түрінің, жіті психикалық аурулардың, туа біткен және пайда болған жүрек ақауларының, жүрек-қантамыр жүйесінің декомпенсациясымен ілесе жүретін аурулардың, эндокриндік және аллергиялық аурулардың ауыр түрлерінің болуы;

— балада туа біткен лактаза жеткіліксіздігінің, галактоземияның, фенилкетонурияның, «үйеңкі шәрбаты» ауруының болуы;

— ананың цитостатикалық, радиоактивті, тиреоидты, психотроптық және есірткі дәрілік препараттарды қабылдауы;

— бірнеше баланың дүниеге келуі және ана сүтінің жетіспеушілігі;

— әйелдің күндізгі оқу нысанында оқуы;

— әйелдің стационарда емделуде болуы.

Ананың жағдайына байланысты оған тек жасанды және аралас тамақтандыру тағайындалуы мүмкін. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесімен толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады: Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 09 қаңтардағы № ҚР ДСМ-1/2020 бұйрығы.

— Созылмалы аурулары бар балаларға қандай оңалту шаралары қарастырылған?

— Созылмалы аурулары бар балалар мен жасөспірімдер жылына екі-үш рет тұрақты медициналық оңалтудан өте алады. Бұл асқынулардың алдын алу үшін емханаларда динамикалық бақылау кезінде жасалады.

Үшінші кезеңді оңалтуды пациенттің ауруына байланысты емхананың медицина қызметкерлерінің жолдамасы бойынша емханаларда, күндізгі және тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда, оңалту орталықтарында және үйдегі стационарларда жүргізеді.

2020 жылы балаларға арналған 58 мың оңалту іс-шаралары жүргізілді, оның жартысынан көбі созылмалы аурулар кезінде өткізілді.

— Спорттық секцияларға жазылмас бұрын ЭКГ, жүрек ультрадыбысын тегін алуға және балаға кардиологтың қорытындысын алуға бола ма?

— Алуға болады. Ол үшін тіркелген жері бойынша учаскелік дәрігердің/педиатрдың қабылдауына жазылу, консультация кезінде жүгіну себебін көрсету қажет. Дәрігер кардиологқа жолдама береді және ол спортқа қарсы көрсеткіштерді болдырмау үшін қажетті шараларды тағайындайды.

— Қандай жағдайларда балалар дәрігерін үйге шақыруға болады?

— 5 жасқа дейінгі балаларға денсаулық жағдайының кез келген нашарлауы кезінде учаскелік дәрігер үйде қызмет көрсетеді.

5 жастан асқан балаларға үйге шақырған кезде оның шақыру себебіне және баланың жағдайына байланысты алғашқы медициналық — санитариялық көмек маманы – дәрігер немесе орта медицина қызметкері көмек көрсетеді.

— Жеке клиникаларда жоспарлы егуді тегін алуға бола ма, ол үшін не істеу керек?

— ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес, инфекциялық ауруларға (туберкулез, гепатит, полиомиелит, көкжөтел, дифтерия және сіреспе, B типті гемофильді инфекция, пневмококкты инфекция, қызылша, қызамық және паротит (свинка) қарсы жоспарлы профилактикалық екпелер – балаларға меншік нысанына қарамастан, тіркелген жеріндегі медициналық ұйымда тегін жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда вакцинация жүргізу мерзімі жасына сәйкес Ұлттық егу күнтізбесімен белгіленген.

— Балаға туа біткен жүрек аномалиясы диагнозы қойылды, оған қандай көмек қажет?

— Туа біткен жүрек кемістігі бар балаларға медициналық көмек диагностикалау мен емдеудің барлық кезеңдерінде тегін көрсетіледі.

— Балабақшаға немесе мектепке ресімдеу кезінде медициналық анықтама сатып алу керек пе?

— Сатып алудың қажеті жоқ. Балабақшаға немесе мектепке қабылдау үшін медициналық анықтаманы тіркелген жері бойынша емханадан сұратуға болады. Анықтамаға баланың физиологиялық параметрлері, барлық аллергиялық реакциялар, созылмалы және бұрын болған инфекциялық аурулар, алынған екпелер, профилактикалық тексерулердің және зертханалық талдаулардың нәтижелері және т. б. енгізіледі. Одан кейін бұл картаны  балабақшаның медицина қызметкері толтыруды жалғастырады.

— Балаларға профилактикалық тексерулерді қаншалықты жиі өткізуі керек?

— Балаларды профилактикалық тексеру жыл сайын – туғаннан бастап кәмелетке толғанға дейін жүргізіледі. Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілерін, мектеп оқушыларын, орта арнаулы оқу орындарының оқушыларын және 18 жасқа дейінгі студенттерді білім беру ұйымдарындағы көшпелі бригада тексереді. Мектепке дейінгі мекемелерге бармайтын балаларды тексеру емханада немесе отбасылық денсаулық орталығында жүргізіледі.

Профилактикалық қарап-тексерулердің жиілігі мен кезеңділігі Қазақстан Республикасы Министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДМС-264/2020 «Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының оқушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы» бұйрығымен белгіленген.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғ­амының баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

⚡️Түркістан төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды. Салтанатты рәсімде...

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Шымкентте А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябақ аумағында келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында маңызды жоба сәтті жүзеге асырылды. Жасанды көл маңындағы...

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

 Шымкентте Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын форматтағы отырысы өтті. Оған Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин,...

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.