АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Шардара ауданындағы ардагерлер үйінде болды. Ардақты ақсақалдарымен кездесіп, үстел басына жиналғандарды ашық сұхбат құруға шақырды. Жиналғандар тосырқаған жоқ, жоспарларымен бөліскендер де болды. Түркістанда бұрын болғанмен, тап қазіргі көркейген келбетін көрмеген ақсақалдар аз уақыт ішінде шаһардың жаңа кейіпке еніп, адам танымастай өзгеріп кеткендігіне өздерінің таңқалыстарын білдірді. Күллі түркі әлемінің рухани астанасындағы жаңалықтардан хабардар болған қариялардың құлшынысын қолдаған облыс басшысы аудан ақсақалдарын көне Түркістанның жаңа кейпін көзбен көріп қайтуды ұсынды.
«Пандемияның кері әсерінен кездесулер сап тыйылды. Расында, халықпен тиімді кері байланыс орнату – қашанда алғы мақсаттардың бірі. Ауданның тыныс — тіршілігімен өздеріңіздей етене таныс ешкім жоқ. Сондықтан мен өздеріңізбен кездесуді асыға күтемін. Орнымен қартаю да жақсы қасиет. Қарттықтың бақытты, шуақты, айтулы асыл қасиеттері көп. Оны өздеріңізден көріп отырмын. Түркістан тіршілігін келіп, көзбен көріп қайтуларыңыз қажет»,-деді облыс әкімі. 
Өрелі ой мен салмақты пікір айтылған кездесуде облыс басшысы мұндай отырыстардың маңыздылығын ерекше атап өтті. Кездесу барысында облыс басшысы аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіріп, үлкенді сыйлау, ардагерлерге қамқорлық көрсету кейінгі ұрпақтың міндеті және парызы екенін атап өтті. Ауданның әлеуметтік мәселелері талқыланып, оның шешу жолдары бойынша аймақ басшысы өмірден түйгені мол ел ағаларының пікірін тыңдады. Зиялы қауым өкілдері мен қазыналы қариялар әкімнің облысты басқарудағы жұмысына сәттілік тіледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіҮшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...
Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...
Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...
Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....
Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...
Шымкент қаласы мәслихатының 30-шы сессиясында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей ықпал ететін маңызды мәселелер қаралды. Сессияда кәсіпкерлікті қолдау, салық саясатын жетілдіру,...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.