Кенесары ханның бас сүйегі Қазақстанға оралатын болды. Бұл туралы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдинов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды baq.kz
Мені ұлы ханның бас сүйегін қайтару жөніндегі сараптама комиссиясының құрамына енгізді. Бүгін біздің ұлттық тарихымыздағы жаңа кезең туралы есеп басталады. Бүгінде біздің достас екі мемлекетіміз – Ресей мен Қазақстан арасындағы өзара қарым-қатынастар тарихында тату көршілік және бейбіт қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетудің сапалық жағынан өзгеше кезеңі басталады. Мен Ресейдің Мәдениет министрлігі тарапынан Кенесары ханның бас сүйегін қайтару жөніндегі Ресей сараптау комиссиясының құрамына кіруге шақырту алдым. Мен келісім бердім. Өйткені… ұлы Кенесары ханның бас сүйегі табылды! — деп жазды тарихшы.
Ғалым өз жазбасында ханның басын табудың немесе қазіргі орналасқан жердің қыр-сырын жеткізе алмайтынын: кейбір формальдылықтар мен кішігірім дипломатиялық «нәзіктік» қажет екенін атап өтті.
Бірақ бұл бастама Ресейдің жоғарғы басшылығынан шыққаны анық, — деп жазды Зиябек Қабылдинов.