Рашид Абатұлының бастамасымен күнделікті таңертең 7:00-ден бастап жұмыс уақытына дейін қалада атқарылып жатқан жұмыстарды бақылау жалғасып жатыр. Бүгін қала әкімінің орынбасары Жандос Тасов жауапты бөлім басшыларымен бірге қалада құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралады.
Жандос Қалмырзаұлы қаланы аралау барысында Қызылорда тасжолы бойындағы жоғары қуатты электр бағаналарына жақын орналасқан балалар ойын алаңшаларының жер телімін ауыстыруға тапсырма берді. Балалардың қауіпсіздігі – бірінші орында екенін айта келе, кемшіліктерге жол берген «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің» жауапты қызметкеріне шара көруді тапсырды. Нәтижесінде, бүгін демонтаж жұмыстары жасалып, ойын алаңша орны өзгеретін болады.