• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Тамыз 24, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ТҮРКІСТАНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТУРИСТІК МҮМКІНДІКТЕР ТАҚЫРЫБЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДИА ФОРУМ ӨТТІ

24.03.2021
0

Түркі мемлекеттері БАҚ өкілдерінің басын қосқан халықаралық форумда Түркістан облысының инвестициялық және туристік ахуалды жақсарту, облыс экономикасына шетелдік инвестициялар тарту, Түркістанды халықаралық туристік орталық ретінде ілгерілету жөнінде басым бағдарламалар, жоспарлар мен мүмкіндіктер таныстырылды. Шетелдік журналистерге арналған ауқымды шараға Әзірбайжан, Башқұртстан, Қырғызстан, Мажарстан, Өзбекстан, Саха, Тәжікстан, Түркия елдерінен келген түрлі баспа және электронды БАҚ өкілдері қатысты. Басқосуда алғы сөз алған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Наурыз мерекесінде Түркі елдерінің ақпарат кеңістігінің өкілдері рухани шаһарда бас қосуын заңдылыққа балады. Себебі, Түркістан – сан ғасырлардан бері күллі Түркі интеграциясының символы саналады. «Әлемде жаһандық интеграциялық процестер қарқын алған уақытта бүкіләлемдік өркениеттің дамуына құнды үлес қосқан, өміршеңдігі өзгелерге үлгі түркі әлемі бірігуді мақсат етеді. Бұл үдерістің бастамашысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болды. Ол 1992 жылы түркі мемлекеттері басшыларының бірінші Саммитінде бауырлас халықтардың интеграциялық бірлестігін бастау қажеттігі туралы мәлімдеді. Осылайша, Түркістан қаласы түркі өркениетінің орталығы болып танылды. Бүгінде бұл тарихи үрдіс өз жалғасын тауып, Түркістан Түркі елдеріне ортақ тәу етер қасиетті мекені болып келеді»,- деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.Халықаралық форумда ҚР ҰҒА академигі, А.Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры Бауыржан Байтанаев «Түркістанның жаңғыруы: стратиграфиядағы жаңа серпін» тақырыбында баяндама жасады. Облыс әкімі орынбасары Мейіржан Мырзалиев Түркістан облысының инвестициялық және туристтік әлеуеті барысындағы жетістіктермен бөлісті. Түркиядан келген «TRT» телеканалының басқарма өкілі Мехмед Захид «Түркі әлемінің медиалық интеграциясының маңыздылығы» туралы баяндап берді. Шетелдік БАҚ өкілдері пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылардың пікірінше, форум Түркістанның жаңа тынысының ашылуына жаңаша серпін береді. Түркітілдес мемлекеттердің тілшілері қасиетті шаһардың көне сипатын сақтай отырып, заманауи қалаға айналуғанына куә болғандарын таңдана жеткізді. «Елбасы облыс орталығын ауыстырған сәтте бірден екі бірдей маңызды құжатқа – Түркістан қаласын дамыту тұжырымдамасына және «Turkistan» арнаулы экономикалық аймағын құру туралы» Жарлыққа қол қойды. Қос құжатты қабылдаудағы басты мақсат – Түркістанға инвестиция құя отырып, туризмді дамыту. Құрметті бауырлас Түркі халықтарының үздік БАҚ өкілдері! Түркі Мемлекеттерінің ақпарат кеңістігіндегі үздік БАҚ-ның өзара ынтымақтастығын нығайтып, бірлесе жұмыс атқаруында бүгінгі жиынның маңызы зор. Себебі, түбі бір Түркі елдерінің наным-сенімі, түпкі тарихы, өмір сүру қағидалары бір-бірімен біте қайнасып жатыр. Түркі Мемлекеттерінің көнеден қалыптасқан ынтымақ-бірлігі мен барлық бағыттағы әріптестік байланыстары нығая түседі деп сенемін»,- деді Өмірзақ Шөкеев. 2020 жылдың қорытындысы бойынша облыстың негізгі капиталына 703 млрд.теңге инвестиция бағытталды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 60%-ға артық. Оның ішінде сыртқы инвестициялар көлемі 112 млрд.теңгені құрады. Тартылған инвестициялардың арқасында қала күннен күнге көркейіп келеді. Бұл өз кезегінде Түркістанға туристердің көптеп келуіне ықпал етеді. Шетелдік БАҚ өкілдерінің басын қосқан іс-шара аясында Роуд-шоуға қатысушылар 20-22 наурыз аралығында баспасөз турларында болады. Түркістан облысындағы тарихи-мәдени мұра нысандарын аралауда. Арыстан баб кесенесінде болып, Отырар қалашығы, Отырар ауданы орталығы, Қожа Ахмет Ясауи сәулет кешені бойынша экскурсияға қатысып, Ақмешіт үңгірі мен Кемеқалған монументінде болды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТТЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН САЙТТАРДЫҢ ЖАРНАМАСЫН ТАРАТҚАН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

САРБАЗ – ЕЛДІҢ АЙБЫНЫ

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Шымкент қаласының Жастар сарайында гарнизонның үздік сарбаздарын ұлықтауға арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері...

ПОЛИЦИЯ БАҒАНАСЫ

ПОЛИЦИЯ БАҒАНАСЫ

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Интернеттегі есірткі жарнамасына тосқауыл: Шымкентте 1 200-ден астам ресурс бұғатталды Есірткі қылмысының тамыр жаюына тек оны тікелей сататындар ғана емес,...

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТТІ

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Жаз – демалыс пен серуеннің ғана емес, су айдындарындағы қауіптің де белең алатын уақыты. Әсіресе балалардың қатысуымен болатын қайғылы оқиғалар...

ШЫМКЕНТТЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН САЙТТАРДЫҢ ЖАРНАМАСЫН ТАРАТҚАН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

ҚАУІПСІЗДІК – ЗАҢДЫЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ!

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Өрт қауіпсіздігінің сақшысы – Сүйінбай Баратов республикалық байқауда үздік үштіктен көрінді Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – тек қызмет емес, бұл...

ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІКТЕРІН ЗАҢСЫЗ БЕРГЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ СХЕМА ӘШКЕРЕЛЕНДІ

ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІКТЕРІН ЗАҢСЫЗ БЕРГЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ СХЕМА ӘШКЕРЕЛЕНДІ

Айғақ медиа
20.08.2025
0

Шымкент қаласында жүргізуші куәліктерін заңсыз рәсімдеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді. Бұл қылмыстың жолын кесуге Шымкент қаласының прокуратурасы үйлестіруші...

ШЫМКЕНТТЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН САЙТТАРДЫҢ ЖАРНАМАСЫН ТАРАТҚАН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН САЙТТАРДЫҢ ЖАРНАМАСЫН ТАРАТҚАН АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

Айғақ медиа
20.08.2025
0

  Суреттің мақалаға қатысы жоқ. Шымкент қаласында прокуратура бастамасымен жүзеге асып жатқан «Құқықтық тәртіп және тазалық» жобасы нақты нәтижелерін көрсетуде....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.