Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Жамбылда Шәкен Ниязбековтің есімі ұлықталды
    Айғақ MEDIA

    Жамбылда Шәкен Ниязбековтің есімі ұлықталды

    Айғақ медиаАйғақ медиа20.03.20212 393 Views

    Жамбыл облысында қос қуаныш. Наурыз мерекесі қарсаңында Шәкен Ниязбековтің құрметіне «Ту — Тұғыр» ескерткіші бой көтерді. Ескерткіштің ашылуына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, тұрғындарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

    Мемориалдық кешен «Батыс Қытай — Батыс Еуропа» транзиттік автожолының бойында, Тараз қаласының маңындағы, Бұрынғы Бесжылдық ауылының іргесінде салынды. Енді бұл ауыл — Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы Шәкен Ниязбековтің есімімен аталады. Көптен күткен жаңалықты естіген ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ.

    Шәкен Ниязбековтің 85 жылдық мерейтойы қарсаңында еңсе тіктеген ескерткіштің биіктігі 23 метр. Еске алу мемориалдық кешенінің авторы Жомарт Сәтбайұлы Қонысбаев. Ескерткіштің құрылысына Жамбыл облысының қазынасынан 41 млн. теңге қаржы жұмсалған.

    Көк туымыз көкте жазыла желбірегенде толқымайтын адам жоқ. Әлем елдері тамсана қарайтын көк туымыздың тарихы жайында профессор, медицина ғылымдарының докторы Сайлаубек Шалқаров, ту авторы Шәкен Ниязбековтің өз аузынан естіген естелігімен бөлісті.

    Көк ту – бүкіл ұлттың тәуелсіздігінің белгісі. Мемлекетіміздің мызғымас рәмізі тудың тұғырға қонған сәтін тамашалауға Түркістан облысынан қоғамдық делегация келді. Елбасының курстасы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті металлургі, Түркістан облысының және Шымкент қаласының «Құрметті азаматы», «Құрмет» орденінің иегері Аманәлі Әбдіраманов, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, “Құрмет” , “Парасат” ордендерінің иегері Дулат Әбіш, Төлеби ауданы, №6 жалпы орта мектебінің директоры Ғалымжан Мырзалы бар. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Мәшбекұлы арнайы ат басын бұрып, қуанышқа ортақтаса келген қауымға алғысын білдірді.

    Айғақ-ақпарат

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫ: ПАЦИЕНТТІҢ БАҚЫЛАУ МҮМКІНДІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

    17.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕН ФРАНЦИЯҒА ЖОЛ АШЫЛАДЫ: ШЕНГЕН ВИЗАСЫН РӘСІМДЕУ ЕНДІ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

    17.11.2026

    ӨНЕРКӘСІП ПЕН ЛОГИСТИКАҒА ЖАҢА СЕРПІН

    17.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.