• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Тамыз 7, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Қожа Ахмет Ясауидің нағашысы ұстаған 800 жылдық асатаяқ табылды

17.03.2021
0

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған «Ясауи ізімен» ғылыми-танымдық экспедициялық жобасы аясында Қожа Ахмет Ясауидің нағашысы Тағайын ата қолданған асатаяқ пен қолжазба табылды. Бұл мұраларды Тағайын ата кесенесінде ата-бабаларынан бері шырақшы қызметін атқарып келе жатқан әулет сақтап келген. Биыл 82-ге келген Шарипулла Хайдарұлы жәдігердің тарихын жайып салып, ақ мата ішіне түйіліп,​ сандық түбінде жатқан көне қолжазбаны шығарды.-«Қасиетті де киелі әулие Тағайын атамыздың қабірін күтіп, сақтап, басына құран оқып келушілерге қызмет ету бақыты оның жан жолдасы болған бабамызға бұйырған екен. Яғни, ең бірінші шырақшы болған​ — Боғи шайық бабамыз. Бұл​ қызмет атадан балаға жалғасып келеді. Шежіремен тарататын болсақ, Боғи шайықтан кейін оның ұлы Иқони шайық, одан Розмат шайық, Умар шайық, Хайдар, Дадахоннан кейінгі қызмет менің еншімде. Дін жолында тазалық пен адалдықты берік ұстаған бабаларымыз ұзақ өмір сүрген.
​ Өздеріңіз білесіздер, Қожа Ахмет Ясауидің шешесі Қарашаш анамыздың шыққан тегі діни ілімді, батыр, қасиетті жандар болған. Қарашаш анамыздың бауыры болып табылатын Тағайын ата осы асатаяқты қолынан тастамаған екен. Қасиетті жанның қолданған затын шырақшы бабаларымыз да көзінің қарашығындай сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа аманаттап келе жатыр. Асатаяқ​ 800 жыл өтсе де әлі күнге дейін шіріп, бұзылмай берік қасиетін сақтап тұр. Ал мына қолжазбада не жазылғаны жайлы беймәлім. Көне жазу және шеңбер, үшбұрыш, төртбұрыш етіп салынған белгілер ішінде түсініксіз жазулар. Бұл кітаптың құпиясын менен бұрынғы аталарым да шеше алмады»,-дейді Шарипулла Хайдарұлы.Тарихи деректерге жүгінсек, Тағайын атаның шын есімі​ — Нуриддин шайық. Оның батырлығы мен білімдарлығы, ерекше қасиетіне бас иген халық Қожа Ахмет Ясауидің шешесі Қарашаш ананың құрметіне орай​ «Тағайын ата» деп атаған. Тағайша бибі​ — Қарашаш ананың шын есімі. Бұл пікірді, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, ясауитанушы Зікірия Жандарбек те қолдайды.-«Ахмет Ясауидің анасы Тағайша бибінің лақап аты — Қарашаш ана. Кейбір кісілер Қарашаш ананың есімі Айша болған деп те жаңылысып жатады. Айша Мұсақожақызы — Ясауидің әйелі.​ ​ Мұсақожа Ибрахим шайықтың шәкірті және Түркістанға жіберген өкілі. Қожа Ахмет Ясауи сол кісінің қарамағына қызметке келіп, қызы Айшаға үйленеді. Бұл деректер Насабнама қолжазбаларынан алынған. Насабнама қолжазбалары Ясауи жолының тарихы болып табылады»,- дейді тарихшы Зікірия Жандарбек.Шығыстанушы Н.И. Веселовскийдің жазбасынан Қожа Ахмет Ясауидің әкесін Ибрахим шайық анасын Тогайбича деп көрсеткенін кездестіруге болады. Бұл туралы мәліметтер ғалым М.Мирхалдаровтың «Сайрам тарихы» туралы кітабында да бар.​ Сондай-ақ, белгілі ғалым Мұхтар Қожа мен Ю.А.Елгиннің еңбектерінде де Тағайша бибі жайлы деректер көрсетілген.

Тағайын ата (Нуриддин шайық) мен Тағайша бибінің туыстық байланысы туралы көптеген аңыз-әңгімелер бар. Бір деректерде Нуриддин шайық елдің тыныштығы мен бейбіт өмірін сақтаған батыр, мейірімді әрі қасиетті жан болғандығы айтылады. Сондықтан да қазіргі күнге дейін оның мазарына түнеп, құран бағыштап, Алладан бала тілеген ерлі-зайыптылар көп келеді екен.Тағайын атадан қалған мұра​ — қорық-музейдің басты жаңалықтарының бірі. Ел сыртындағы жәдігерлерді елге қайтару, бабадан мирас болып келе жатқан мұралар мен деректерді іздеп тауып, қорық-музей қорына жинақтау, ғылыми тұрғыда зерттеу музей әкімшілігінің алға қойған негізгі мақсатына айналды.

-«Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында Қожа Ахмет Ясауидің нағашылары қолданған асатаяқтың табылуы қуанышты хабар. Тәуелсіздік алғанға дейін тарихи деректердің, соның ішінде Ясауиге қатысты діни-рухани мәліметтердің көптеген бөлігі жойылып, талан-таражға түсті. Кесененің өзі қандай хәлде болғандығы баршаға мәлім. Міне, қазіргі таңда тарихымыздың тамыры қайта оянып, суалған, қуарған үміттер оянып, жоғалған мұралар табыла бастады. Күні кеше ғана Өзбекстан Республикасының Наманган қаласындағы Ясауи бабамыздың ұрпағының қолынан Насабнама қолжазбасының бір үлгісі мен мөрі табылса,​ бүгінгі күні нағашы жұртынан қалған асатаяқты қолға ұстап отырмыз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен мұраларын қайта жаңғырту мақсатында жасаған сарабдал саясаты арқасында көптеген игі істер атқарылып,​ қазіргі күні төрткүл дүние тамсанатындай келбетке ие болды. Түркі жұртының орталығы Түркістанның түлеп жатқан тұсында рухани тұлғаға тән тарихи мұралардың да табылуы Ясауи әлемін зерттеуге, тануға ашылған қақпа деп білемін. Былтырғы жылы басталған «Ясауи ізімен» ғылыми-танымдық экспедициясы өз нәтижесін беруде. Қазыналы қариялардың қолынан табылып жатқан барлық мұралар тиісті сала мамандарының көмегімен зерттеліп, анықталатын болады. Көненің көзі,​ тарихтың теберігі болған жәдігерлерді осы күнге жеткізген көреген бабаларымызға басымызды иеміз, аманатқа адалдық танытып жүрген қарияларға алғысымыз шексіз. Экспедиция жұмысы алдағы уақытта да жалғасын табады»,-дейді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов.

Ақсақалдың қолындағы асатаяқ пен қалың қолжазбадағы жазулардың мән-мағынасын «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің мамандары алдағы уақытта анықтайтын болады.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

УНИВЕРСИАДАНЫҢ ҚОС ЧЕМПИОНЫ

УНИВЕРСИАДАНЫҢ ҚОС ЧЕМПИОНЫ

Айғақ медиа
07.08.2025
0

Шымкент халықаралық әуежайында кезекті мәрте жеңіс әні әуеледі. Универсиада чемпионатында ел абыройын асқақтатқан спортшыларды қарсы алу рәсімі өтіп, әуежай алаңы...

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫНА МИЛЛИАРДТАҒАН ҚАРЖЫ БӨЛІНДІ

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫНА МИЛЛИАРДТАҒАН ҚАРЖЫ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
07.08.2025
0

Шымкент қаласында өзекті мәселелер жиі көтеріліп, кей тұста қатаң сынға ұшырап жатады. Оған себепте жоқ емес. Бүгінде балалардың жазғы демалысын...

ТҮНДЕ ЖҮРЕТІН БАЛАНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

ТҮНДЕ ЖҮРЕТІН БАЛАНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Айғақ медиа
07.08.2025
0

Құрсай елді мекеніндегі Әл-Фараби атындағы мектепте «Қауіпсіз қала» тақырыбында кездесу өтті. Бұл шараға ата-аналар мен мұғалімдер қатысты.Себебі кәмелетке толмағандардың түнгі...

ТЕКЕСУ ТҰРҒЫНДАРЫ АУЫЗ СУҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

ТЕКЕСУ ТҰРҒЫНДАРЫ АУЫЗ СУҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Айғақ медиа
07.08.2025
0

Текесу тұрғын алабында қуанышты сәт! 130-ға жуық үй енді сапалы ауыз суға қол жеткізді. Осыған орай қала әкімі су нысанын...

АПАТТЫ ҮЙ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖАҢА ҮЙГЕ ҚОНЫСТАНДЫ

АПАТТЫ ҮЙ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖАҢА ҮЙГЕ ҚОНЫСТАНДЫ

Айғақ медиа
07.08.2025
0

Көксай шағын ауданындағы 8 отбасы баспаналы болды. Конституция күні қарсаңында Нұрлыбаев көшесіндегі №3 апатты үйдің тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды....

ШЫМКЕНТТЕ ҚАҢҒЫБАС ИТТЕР ҚАПТАП ЖҮР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАҢҒЫБАС ИТТЕР ҚАПТАП ЖҮР

Айғақ медиа
05.08.2025
0

Шымкентте қаңғыбас иттердің қаптауы — тұрғындарға зардап тигізуде. Қауіп төндірген бұл иттер балаларға шабуылдап, елдің үрейін ұшыруда. Өкініштісі, қазіргі заңнама...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.