Тарихи атау қайта оралды. Түркістан облысында Сауран ауданы құрылып, Ақ Орданының астанасы болған атау қайта жаңғырды. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында елді қуантқан жаңалықпен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бөлісіп, жергілікті тұрғындармен кездесті, — деп хабарлайды aigak.kz тілшісі.
Жаңа ауданның орталығы — Шорнақ болып бекітілді. Жалпы аумағы 650 мың гектардан астам жерде 100 мыңнан аса тұрғын бар. Айналасы 1 жылдың көлемінде аудан әкімдігінің ғимараты бой көтеріп, пайдалануға берілетін болады. Бұл аймақта ең бірінші ауыл шаруашылығы саласына көңіл бөлінбек. Өмірзақ Естайұлы шаңырағын көтерген ауданның халқын бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.