• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Желтоқсан 16, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Өңдеу өнеркәсібінің даму серпінін қамтамасыз ету қажет — А. Мамин

16.03.2021
0

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселелері қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпханов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов баяндама жасады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына және «Nur Otan» партиясының бағдарламасына сәйкес, Үкімет алдына 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібі өндірісін 1,5 есеге ұлғайту міндеті қойылды.

Биыл қара металлургияның 5%-ға өсуін қамтамасыз ету жоспарлануда, оның ішінде ферроқорытпа өндірісін 10,4%-ға, болатты 17%-ға және прокат өндірісін 19%-ға, түсті металлургияны 4,5%-ға, оның ішінде мырышты 18,6%-ға, қорғасынды 18,8%-ға, мыс концентратын 9%-ға, алюминийді 6%-ға арттыру көзделген. Химия саласында фосфор тыңайтқыштары (+16,6%), аммофос (+15,4%), аммиак селитрасы (+10,7%) және хром қосылыстары (+13,6%) өндірісінің өсуі күтілуде. Машина жасауда автомобиль жасауды (+29%), теміржол вагондарын (+180%), ауыл шаруашылығы техникасын (+58%) және аккумуляторларды (+10%) қоса алғанда, 13%-ға өсім жоспарланған.

Фармацевтика саласының өндіріс көлемінің өсуі 5% деңгейінде жоспарланған, бұл дәрі-дәрмектер өндірісін 10,2%-ға ұлғайту, коронавирус инфекциясына қарсы вакцина шығару өндірісін іске қосу және 5 жаңа жоба есебінен қамтамасыз етілетін болады.  Жеңіл өнеркәсіпте 5%-ға өсім күтілуде. Тоқыма өнімінің өндіріс көлемі 6%-ға, оның ішінде мақта-мата иірілген жібі (+ 50%), мата (+14%), кілем (+19%), киім (+11%), тері (+30,4%) ұлғайтылатын болады. Құрылыс материалдары өндірісінде темір-бетон бұйымдары (+16%), кірпіш (+15%), цемент (+11%), құрылыс ерітінділері (+13%), жылу оқшаулағыш материалдар (+12,5%), гипсокартон (+11%) өндірісін қоса алғанда, 6% деңгейінде өсімді қамтамасыз ету жоспарлануда.

«Биыл өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексі көрсеткішінің 5,8% деңгейінде өсуіне қол жеткізуіміз керек. Машина жасауда, қара металлургияда, жеңіл өнеркәсіпте, фармацевтикада, тамақ өнімдерінің өндірісінде, құрылыс материалдарының өндірісінде өсімді әрі қарай қамтамасыз етуіміз қажет. Биыл жалпы сомасы 2 трлн теңгеге жуық 110 өңдеу жобасын енгізу керек», — деді А. Мамин.Үкімет басшысы өндірістік процестерге жаңа технологияларды енгізу жөніндегі әлемдік трендтерді есепке алудың маңыздылығын, цифрлық инновациялық шешімдерді енгізетін кәсіпорындарды қосымша ынталандыру шараларын, сондай-ақ жұмыс күшінің өнімділігі төмен секторлардан анағұрлым өнімді секторларға ауысуын ынталандыру шараларын қабылдау қажет екенін атап өтті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанды дамытудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарын бекітті, оның негізгі басымдығы “мықты экономика” құру болып айқындалды. Стратегиялық салаларда ұлттық жобалар құрылатын болады. Мұнда өңдеу секторына ерекше назар аударылған», — деді А. Мамин. Премьер-Министр «Nur Otan» партиясының бағдарламасын орындаудың Жол картасына сәйкес 2025 жылға қарай экспортқа бағдарланған мұнай-газ химиясы өнімдері өндірісінің 9 есе өсуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты Үкімет басшысы Энергетика министрлігіне «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен бірлесіп, биыл Атырау облысы мен Шымкентте үш мұнай-газ химиясы зауытын пайдалануға беруді тапсырды, бұл мұнай-газ химиясындағы өндіріс көлемін 400 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Дереккөз: primeminister.kz сайтынан

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Айғақ медиа
04.12.2025
0

Президентке еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды. Светлана Жақыпова:  халықты жұмыспен қамту...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Айғақ медиа
04.12.2025
0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өтті....

ЖАНАЗА ДАСТАРХАНЫНА ТӘТТІ БӘЛІШ, ЖЕМІС-ЖИДЕК, САЛАТ ҚОЮҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

ЖАНАЗА ДАСТАРХАНЫНА ТӘТТІ БӘЛІШ, ЖЕМІС-ЖИДЕК, САЛАТ ҚОЮҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Айғақ медиа
29.11.2025
0

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы барлық өңірге ортақ ас берудің дастархан мәзірін әзірледі. Арнайы тізім Астанада өткен имамдар форумында қаралып, мүфтияттың...

ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ — ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАНДА 2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА АЙЛЫҚ ЕСЕПТІК КӨРСЕТКІШ МӨЛШЕРІ БЕКІТІЛДІ

Айғақ медиа
29.11.2025
0

Парламент 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджетті мақұлдады. Жаңа бюджет жобасына сәйкес: - айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге...

ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ — ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ — ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Айғақ медиа
29.11.2025
0

Вице-министр Тимур Султангазиевтің айтуынша, биыл жедел жәрдем қызметіне қосымша 5 млрд теңге, ал келесі жылы 10 млрд теңге бөлінуі жоспарланып...

22 ҮМІТКЕР ШОКОЛАТИН БАЙҚАУЫНДА

Айғақ медиа
28.11.2025
0

Шымкентте «Шоколатин KAZAKHSTAN-2025» халықаралық байқауы өтті. Аталмыш іс-шара Франция елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Байқаудың мақсаты – Шоколатина бойынша әлем чемпионатына жолдама алатын...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.