ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛУДА
Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде мектеп оқушылары онлайн форматқа көшті. Астанада бірінші ауысымдағы 0–6 сыныптар қашықтан білім алуда....
Түркістан қаласында шаһарға ерекше көрік беретін ауқымды жобалардың құрылысы жалғасуда. Солардың бірі де бірегейі – «Керуен-сарай» кешені.
Жоспар бойынша бұл кешен көне заманның ежелгі сауда алаңдарын еске түсіретін үлкен шығыс үлгісіндегі гранд-базарға айналады. «Керуен-сарай» аумағында қонақүйлер, кинотеатрлар, мейрамханалар, тарихи-сауда көшесі мен жасанды көлмен қатар, кешенге жақын жерде «Керуен Сарай» тұрғын үй кешені орналасады. Тұрғын үй кешенінің көрінісі негізгі кешен мен көне қала орталығының жалпы келбетіне сәйкес, ежелгі қаланың рухын, қайталанбас үлгісі мен бірегей сәулетін сақтайды.
Сондай-ақ Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында заманауи баспаналар бой көтерді. Көне шаһардың ең көрікті жерінде орналасқан «Keruen Sarai» тұрғын үй кешенінен пәтер мен таунхаус сатып алуға болады. Шығыстың әсем келбеті мен ежелгі шаһардың бірегей бейнесі сақталған кешен Ясауи кесенесіне жақын жерде орналасқан. Тұрғын үй кешені екі және үш қабатты 9 кешеннен тұрады. 1, 2 және 3 бөлмелі пәтерлер мен таунхаустардан тұратын 125 тұрғын үй жайғасқан.
Түркістаның жаңа көрікті аумағындағы құрылыс барысын облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аралап көрді. Құрылысшылармен кездескен өңір басшысы жауапты тұлғаларға демалыс орындарындағы балалар алаңқайларының сапасы мен қауіпсіздігін жіті қадағалауды жүктеді.Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде мектеп оқушылары онлайн форматқа көшті. Астанада бірінші ауысымдағы 0–6 сыныптар қашықтан білім алуда....
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысып, елдің дамуына қатысты бірқатар салалар мен келелі істер бойынша сөз сөйледі. Соның бірі -...
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Менің тапсырмаммен былтыр 2030 жылға дейін аймақтарды дамытуға арналған тұжырымдама бекітілді. Басты мақсат – өңірлер арасындағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті...
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздің су шаруашылығын жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан...
Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформаның маңыздылығына тоқталды. Мемлекет басшысы: - «Жаңа Конституция жобасына...
Сәрсенбі күні, 4 ақпанда, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесі Сатыбалды Дәулеталиннің жетекшілігімен Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын талқылау...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.