Бұл туралы Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Тулебаевтың жаңа қаулысында айтылды.
«Шымкент аумағындағы карантин мен шектеу шаралары 2021 жылғы 22 ақпан сағат 00.00-ден 2021 жылғы 8 наурыз сағат 00.00-ге дейін ұзартылсын» — делінген құжатта.
— Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына адамдар көп жиналатын іс-шараларды, оның ішінде еске алу, туған күн, мерейтой, шығарып салу, құдалық, той және басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.
— Қала бойынша 65 жастан асқан адамдардың жүріп-тұруы шектеледі.
— Шымкент қаласының тұрғындарына екі метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтау және бетперде тағу міндеттелді.