• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Маусым 3, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет 100 есім

Жақыныңды қаншалықты жақсы көрсең, соншалықты одан алшақ бол

25.01.2021
0

Дана қазағым «жас ұлғайса да көңіл қартаймасын» дейді. Сексеннен асып, тоқсанның төріне шығып отырған жайымыз. Көңіл бұрынғыдай жас, бойымда жылқы мінезді қазағымның саулығы, өжеттігі әлі де басыла қоймаған. Жаңа тыныс ашылып, көптеген дүниен тыңдыруға күш-қуат жоқ емес. Еліме қызмет үшін тоқсандағы бар күш қайратымды жұмсауға дайынмын. Мен мұның бәрін халқымнан алған бата-алғыстың арқасы деп білем, сондай-ақ әке-шешемнің берген еркін, қазақи тәрбиесінің жемісі. Халқымның мені әрдайым қолпаштап, аялап қорғаштауы, ізгі ілтипаттарын білдіруі, ақыл-кеңес сұрап, ақсақалдық тәлім-тәрбиені қажетсінуі – басыма қонған үлкен бақ.

Мені Шарманов етіп мәртебемді биіктетіп, мерейімді өсіріп отырған халық, сондықтан да мен әрбір қиын кезеңді халқыммен бірге өткеру – азаматтық борышым.

Коронавирус пандемиясы қаншама асыл азаматтарымызды келместің кемесіне әкетіп жатқанда, мына жақта дүркіретіп мерейтойды тойлап жату – барып тұрған әбестік деп білемін. Карантин біткен екен деп босаңсуға еш жол берілмеуі керек. Әлем бойынша бұл қауіпті індеттің екінші толқыны ақырын қанатын жайып келе жатыр.

Біз тапқанына той жасап, қуанышын елмен бөлісуге асығатын тойшыл халықпыз. Мына күрделі әрі қауіпті кезеңде тойшылдығымызды, дарақылығымызды тоқтату керек. Тойшылдығымыз, думаншылдығымыз басымызға таяқ болып тиіп жатыр. Соны ұғынып, бұл әдетімізден өзімізді алшақ ұстайтын кез келді.

Көріп отырғанымыздай, бүгінгінің талабы – жылдам әрекетету, өзгерістерге бейімді бола білу. Мына пандемияның беті қайта қоймаған соң, ең бірінші кезекте – қатаң сақтық шараларын сақтау. Тіпті қарапайым жүрген жеріңде жеке гигиенаны сақтау, көпшілік жерде маска тағып жүру, әлеуметтік қашықтықты ұстануды қатаң түрде әдетке айналдыруымыз керек. Індет тек биылға ғана емес, келер жылы да жағдайды біраз күрделендірмек.

Сондықтан, мерейтой болсын, елімізде қандай да айтулы шаралар болсын – адамдарды көп шоғырландырмауды қарастыруқажет.

Мерейтойыма қатысты жақындарымның, танып білетін достарымның, қалың әлеуметтің түрлі іс-шаралар өткізіп, мерейтойды атап өткілері келетіні түсінікті жайт.  Бұл әрине олардың оң ықыласы, ізгі ниеттері, көрсетер сый-құрметі. Осының өзіне мен шын жүректен ризамын, алғысым зор. Өз тілектерін, құттықтауларын хат, электрондық пошта арқылы жіберіп жатса да төбем көкке жетер еді.

Мен үшін халқымның сау болғаны анағұрлым маңызды. Отандастарымның денсаулығын қауіп-қатерге тігу – үлкен қылмыс. Көңілге бай қазағымның «сақ жүрсең сау жүресің» деуі қазірөзектіболыпотыр.

Мен былай айтар едім, «жақыныңды қаншалықты жақсы көрсең, соншалықты одан алшақ бол» деп. Мұны естіген адам қарама-қайшы ойда болуы мүмкін. Ал, шынында бұл нағыз бүгінгінің ақыл-кеңесі. Бір-бірімізге қамқорлық танытып, өзімшілдікке бой ұрмауымыз қажет. Төңірегіңдегі адамдардың аман-саулығына жауапкершілікті толықтай сезінген жөн.

Ырду-дырду той думанға кететін қаражатты одан да көмекке мұқтаж адамдарға таратып берген әлдеқайда дұрыс. Жұмыссыздық белең алған уақытта қаншама азаматтарымыз көмекке зәру. Еліміздің қалталы, ауқатты азаматтары осы ретте көптеп жомарттық танытса нұр үстіне нұр болар еді. Қалай десең де, бай-бағландарымыз киелі қазақ жерінен жұмыстарын жүргізіп, байып-көтерілді емес пе?

Азды-көпті сүрген өмірімнен түйгенім – қандай белесті бағындырып, нендей жетістікке жетсең де, асып-тасудың еш қажеті жоқ, егер халқыңа азғантай болсын әкелерпайдаң болмаса – бұл Құдай алдында үлкен күнәб олады. Әйтеке би айтпақшы: «Батыр болсаң жауыңа найзаң тисін, Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін». Елмен бірге ғана еңселі боласың!

Бұл індетті де еңсереміз, алда жеңістеріміз де көп болмақ. Атап өтетін мерейтойды кейіндері атап жатсақ та еш нәрседен қалыс қалмаспыз. Алар марапатты алдық, мінбелерден құттықтау лебіздердідеестідік. Еңқымбаты –  халықтыңыстықықыласы, тілекші болуы, шынайы жанашырлық танытуы. Маған халықтың ықыласынан асқан марапат жоқ. Бәріңде маған қымбатсың, сау жүргендерің мен үшін аса қатты маңызды.

Мен тоқсанға толған өмірімнің көбін қазақ елінің гүлденуіне, тұрғындардың дұрыс тамақтанып, саулықта болуына арнап, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеу жолында өмірімнің ең қымбат және қиын кезеңдерін өткеріппін.

Кеңес Одағы кезінде маған ұлтшыл деген айып та тағылып, қудаланған болатынмын. Ақтөбе медицина институтына ректор болып келгенiмде ең бiрiншi назарымды аударған нәрсе қазақтан қабылданған студенттердiң қатары 37 пайыз екен. Бұл мәселенi тездетiп жолға қойып 63,5 пайызға көтердiм. Көптеп қазақ оқытушыларын алдыртқан болатынмын. Бұл қазақ студенттерiнiң де еңсе түзеуiне әжептәуiр сеп болған еді. Есесiне, облыстық партия комитетi мен басқа да құзырлы өкiлдердiң тарапынан қудалауға түстiм. Одан бөлек, денсаулық сақтау министрі кезінде, 1978 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық тарихи Алматы конференциясын аса жоғары деңгейде өткізген едік, сол кездері де қиындықтарға тап болдым.

Қандай қиындықтар болмасын, мені әрдайым халқым қолдады, маған үлкен сенім білдірді. Мен үшін «ұлтшыл» деген атақ алу үлкен мәртебе. Мағжан Жұмабаев айтқандай: «Не көрсемде Алаш үшін көргенім, Маған ата құлтым үшін өлгенім». Мен үшін бұдан асқан бақыт жоқ. Одан әрі де ұлтыма адал қызмет етіп, Алашымның туын биік көтеруге әрдайым дайынмын.

Ендігі белес құр тоқсаннан асып, жүзге жету емес, ең биік мақсатым – қазағымның бағы өрлеп, тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болуына белсене атсалысу, халқым үшін пайдамды тизігу.

Ләйім солай болғай.

Құрметпен,

Академик Төрегелді Шарманов

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
23.05.2025
0

Түркістан қаласының нышанын (герб) әзірлеуге конкурс жарияланған болатын. Өтінім қабылдауға санаулы күн қалды, 3-маусымға дейін. Үздіктері қаржылай марапатталатын болады. Атсалысуға...

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.