• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Наурыз 2, 2021
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Президент Алексей Цойға эпидемиялық ахуалды қатаң бақылауды тапсырды

23.01.2021
0

   Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирус індетіне қарсы күрес бойынша Қазақстанда қабылданып жатқан шаралар жөнінде есеп берілді.

Президентке пандемияның жер шарындағы негізгі таралу тенденциялары және вирусқа қарсы күрестегі еліміздің рейтингісі туралы да баяндалды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сәйкес, 1 миллион адамға шаққандағы індетке шалдыққандардың саны бойынша Қазақстан 221 мемлекеттің ішінде 109-орында, өткізілген тест сынамаларының саны бойынша 67-орында, өлім-жітім бойынша 94-орында, COVID-19 індетінен жазылып шыққандардың саны бойынша 48-орында, дерттің ауыр тиюі тұрғысынан 50-орында.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына өңірлердегі эпидемиялық жағдай туралы, соның ішінде, карантин шараларының күшейтілуі және ұлттық  денсаулық сақтау жүйесінің қолда бар ресурстары жайында мәлімет берілді. Денсаулық сақтау министрі жұқпалы аурулар стационарларындағы дертке шалдыққан адамдар жататын орындардың 33 пайызға толғанын, жан сақтау бөлімдерінде бұл көрсеткіш 21 пайызға жеткенін айтты.

Алексей Цой COVID-19 вирусын жұқтырғандар санының көбеюіне қарамастан, еліміздегі ахуалдың бақылауда тұрғанын және медициналық қызметтің азаматтарға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Министр елімізде адамдардың коронавирустан қайтыс болу деңгейі былтырғы шілде айымен салыстырғанда 4 есе төмендегенін жеткізді. Бұл дертке шалдыққандарға көмек көрсету үшін қабылданған шаралардың, соның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем беру деңгейінің тиімділігін көрсетеді. Бейінді ведомствоның мәліметі бойынша, барлық өңірдегі салынған жұқпалы аурулар ауруханалары халықаралық стандартқа сай келеді және науқастарға қажетті көмек көрсетуде.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алексей Цойға эпидемиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстауды, халықты уақытылы әрі толық құлақтандыру жұмыстарын сапалы ұйымдастыра отырып, жаппай вакцина егуге дайындықты тиісті дәрежеде қамтамасыз етуді тапсырды.

Аkorda.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Түркістан облысында су қоймалары бойынша ахуал тұрақты

Түркістан облысында су қоймалары бойынша ахуал тұрақты

Айғақ медиа
02.03.2021
0

Қазіргі таңда облыс аумағында су тасқыны жағдайы бір қалыпты, тұрақты бақылауда. Су қоймалары мен өзендердің су өткізу денгейіне күнделікті мониторинг...

ШЫМКЕНТТЕ 1 СЫНЫПҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ 1 СӘУІРДЕН БАСТАЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ 1 СЫНЫПҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ 1 СӘУІРДЕН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
02.03.2021
0

Мектепке 1 сыныпқа баратын балалардың құжаты 1 сәуірден 1 тамызға дейін қабылданады. Бұл жөнінде білім басқармасы басшысы Жанат Тәжиева баспасөз...

Шымкентте QR код арқылы медициналық қызметті бағалауға болады

Шымкентте QR код арқылы медициналық қызметті бағалауға болады

Айғақ медиа
02.03.2021
0

Мемлекет басшысының бастапқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту жөніндегі тапсырмасына орай Шымкент қаласында бірқатар шаралар қолға алынып отыр. Жалпы Шымкент қаласының тұрғындарына...

Мектептерде ыстық тамақпен қамтуға рұқсат жоқ

Мектептерде ыстық тамақпен қамтуға рұқсат жоқ

Айғақ медиа
02.03.2021
0

    Шымкент қаласында 1 наурыздан бастап 1-5 сынып 25 оқушымен, 9,11 сынып 15 оқушыдан топтасып, 100 пайыз оқумен қамтылады....

Мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналардың өздері қабылдайды

Мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналардың өздері қабылдайды

Айғақ медиа
02.03.2021
0

Оқушыларға мектепке міндетті мектеп формасында емес, еркін және ұқыпты киімде келуге рұқсат етілген. «Оқу жылы басталғанға дейін Білім және ғылым...

«Шымкент жастар лигасы»: 20 млн кімге бұйырады?

«Шымкент жастар лигасы»: 20 млн кімге бұйырады?

Айғақ медиа
02.03.2021
0

Бүгін Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтың бастамасымен қолға алынған жобасы салтанатты түрде ашылды. Бұл жоба қалада алғаш рет ұймдастырылып отыр....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

Ресми бөлім №33 (12.08.2020)

Ресми бөлім №33 (12.08.2020)

Айғақ медиа
12.08.2020
0

ЖҮКТЕУ http://aigak.kz/wp-content/uploads/2020/08/33.pdf

Ресми бөлім №33 (12.08.2020)

Ресми бөлім №32 (05.08.2020)

Айғақ медиа
05.08.2020
0

ЖҮКТЕУ http://aigak.kz/wp-content/uploads/2020/08/32.pdf

Ресми бөлім №33 (12.08.2020)

Ресми бөлім №31 (29.07.2020)

Айғақ медиа
29.07.2020
0

ЖҮКТЕУ http://aigak.kz/wp-content/uploads/2020/07/31.pdf

Ресми бөлім №33 (12.08.2020)

Ресми бөлім №30 (22.07.2020)

Айғақ медиа
22.07.2020
0

ЖҮКТЕУ http://aigak.kz/wp-content/uploads/2020/08/30.pdf

№12, 2020 жыл

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.