Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов 2020 жыл қорытындысы бойынша шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы халық алдында есеп берді. Есеп беру кездесуі карантин режиміне байланысты онлайн форматта өтті. Карантин талаптарын сақтау қажетін және атқарылған, жоспарланған жұмыстар жайлы ақпаратты барынша халыққа жеткізу маңызын ескере, есеп беру іс-шарасына тек бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері және тұрғындар тарапынан түскен өтінімдер бойынша лезде тапсырмалар берілу мақсатында қалалық әкімдікке қарасты бөлім басшылары қатысты.
Есеп беру барысында жергілікті халықтың қатысу, толғандырған сұрақтарына жауап алу мүмкіндік көрсеткішінің азаюын болдырмау мақсатында қаладағы 10 білім ошағында, карантин талаптарына сай, әр мектепте 30-ға жуық тұрғынның келуімен «ZOOM» жүйесі арқылы байланыс жасалып, тікелей эфирде тұрғындар сауалдарын қою мүмкіндігімен қамтамасыз етілді. Мектеп таңдау барысында қаланың барлық аудандары қамтылуы бас критерий бола тұра, жыл көлемінде қала тынысы жөнінде өтінім-ұсыныс беру белсенділігі жоғары аудандар назарға алынып, ертеректе қала әкімінің қабылдауына жазылған тұрғындар кезекке сай шақырылды. Есеп беруге қатыстқан және онлайн түрде хабарласқан тұрғындардың сауалдары әкімдік қызметкерлері тарапынан жазбаша түрде қабылданып, жергілікті «109 — Бірыңғай байланыс орталығы» базасында тіркелді. Барлық тіркелген өтінім-ұсыныстар бойынша кері байланыс заң аясында және уақытылы орындалуы қадағаланып, жауап берілетін болады. Барлық келушілерге ыстық сусын ұсынылып, карантин талаптарына сай қажетті іс-шаралар жасалынды.
Бұған қоса, он және бір күн алдын Түркістан қаласы әкімдігі ресми парақшаларында қала әкімінің есеп беру кездесуі жайлы ақпарат жарияланып, жазба астындағы сауалдар жиілігіне қарай сарапталып, жергілікті тұрғындарды ерекше толғандырған салалар бойынша есеп барысында әкім тарапынан мағлұмат берілді.