Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам арасында қызу талқыға түскен жаңа заң жобасына қатысты өз пікірін білдірді. Негізгі міндетті айқындап, өзекті мәселелер талқылануы тиістігін шегеледі. Өз сөзінде: «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қоғамда қызу талқыға түсуде. Бұл – орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануға тиіс. Оның нормаларын мұқият қарап, барлық пікірлерді ескерген жөн. Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау» — деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.
КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА
Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...










