ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ
Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қаладағы құрылыс алаңдарын аралап, жүргізіліп жатқан жұмыс барысын бақылады. Салынып жатқан демалыс орындарының мән-жайымен танысып, жауапты сала басшыларына тапсырмалар берді. Облыс басшысы «Түркі бағы» мен Яссауи көшесі бойынан салынып жатқан желілік саябақтың құрылысымен танысты. Бүгінгі таңда жерді тегістеу жұмыстары 30% аяқталып, су сақтау қоймасын (резервуар) орнатуға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Өңір басшысы «Керуен сарай» тұрғын үйлер кешенінің құрылысымен танысты. Қазіргі таңда көпқабатты тұрғын үйлердің іргетасы қаланып, құрылыс-монтаждау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ауқымды жоба алдағы қараша айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Өмірзақ Естайұлы ғылыми-әмбебап кітапханасында болды. Нысанның сыртқы және ішкі әрлеу, инженерлік желілерін монтаждау және құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Кітапхана алдағы ақпан айында ел игілігіне берілмек.
Мұнан соң өңір басшысы Халықаралық туризм және меймандостық университетін аралап, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Сондай-ақ, Түркістандағы көмекші мектеп-интернаты жатақхананың құрылыс алаңын аралап көрді. Жатақхананың құрылысы аяқталған. Ғимарат инженерлік жүйелермен қамтамасыз етілген.
Аймақ басшысы рухани-мәдени орталықтағы абаттандыру жұмыстарымен танысты. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағын абаттандыру 4 кезеңмен жүзеге асуда. Жоспарланған істің жартысынан астамы аяқталған. «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының аумағындағы 9 гектар аумақ абаттандырылуда. Құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүріп жатыр. Көпжылдық көшеттер егіліп, инженерлік желілер тартылған, аяқжолдар төселген.

«Тұңғыш Президент саябағының» аумағындағы құрылыс та облыс әкімінің басты бақылауында. 38 гектар аумақ тұтастай жасыл желекке оранады. Көгалдандырылып, жасанды көлдің тіреу қабырғаларының бетон жұмыстары аяқталып, габионмен қапталған. Бас қақпасы орнатылып, мәрмәр таспен қапталуда.Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...
Түркістан облысында төрт жастағы Әли Адамбек мектеп табалдырығын аттап, бастауыш сынып бағдарламасын меңгеріп үлгерген. Құрдастары әріп танып жүргенде, ол күрделі...
Таразда жол ережесін бұзбаған бірнеше жүргізуші заңсыз айыппұл төлеп келген.Тексеріс Сүлейменов көшесінде орнатылған 40 км/сағ жылдамдық шектеу белгісінен басталды.Камералар жылдамдықты...
“10 сиыр мен бір жылқы бар”: Семейде әкімдік тұрғындар ауылға көшу үшін 1,5 миллион теңге ұсынуда.Семейде “Қаладан – ауылға” атты...
Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында Әлем кубогының кезеңі басталды. Халықаралық турнирдің алғашқы күні Қазақстан құрамасы төрт алтын медаль...
Енді қазақстандықтар қалаған күні көлігімен көшеге шыға алмайды. Мемлекеттік нөмірдің соңғы цифры 9 болса сіз 2-сі, 4-і, 16-сы сияқты даталарда...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.