• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қаңтар 2, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Түркістан облысында карантин мерзімі ұзартылды

19.01.2021
0

       Түркістан облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында карантин мен шектеу шаралары ұзартылды. Өңірдің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Н.Нышановтың қаулысына сәйкес, азаматтардың қоғамдық орындар жүріп-тұруына байланысты және әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандардың жұмыс кестесіне қатысты тәртіп шаралардың нормалары бекітілді.
2021 жылдың қаңтардың 18-нен бастап: Жабық базарлардың қызметі демалыс және мереке күндері тоқтатылды. Жұмыс күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, үй жанындағы дүкендерге сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат беріліп отыр. Ал, мал базарлар санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, тек сәрсенбі күні жұмыс істеуіне рұқсат етіліп отыр.
Сонымен қатар, алып кету және жеткізіп беру режимінде жұмыс істейтін нысандардан басқа, қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметі демалыс күндері мен мереке күндері жұмысын тоқтатады. Дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін қызмет көрсетуге рұқсат берілді. Онда да санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтап, 2 метр әлеуметтік қашықтық сақталу керек. Ал, сауда саласындағы объектілердің, оның ішінде пісірілген өнімдерді, фаст-фудты, балмұздақты, сусындарды өткізу дүңгіршектері қызметі күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілген. Құрылыс, оптика, гүл дүкендері мен зоомагазиндердің қызметі жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс және мереке күндері жұмысы тоқтатылды.
Сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА-орталықтардың косметологиялық қызмет көрсететін объектілер қызметі (1 келушіге 4 ш.м. дейін, алдын ала жазылу бойынша, жазылу журналын жүргізумен, жазылу журналын нөмірлеу және тігу) сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін шектеледі.
Моншалар мен сауналардың қызметі 50 пайыздан аспайтын сыйымдылықта сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін, демалыс (сенбі-жексенбі) және мереке күндері жұмысы тоқтатылады. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарының қызметі 15 адамнан артық емес жұмыс істеуіне рұқсат етілді.
Фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтары 30 пайыздан аспайтын сыйымдылықпен, әрбір жанға 5 шаршы метр аумақтан кем емес, алдын ала жазылу журналы арқылы жұмыс істейді. Мұндай нысандар да демалыс және мереке күндері жұмыс істемейді.

Түркістан облысында коронавирусты инфекция жағдайлары
туралы ақпарат:

Қазақстан Республикасы бойынша COVID-19 (2020 жыл) өсіммен 170 098 жағдай тіркелген. 100 мың халыққа шаққандағы интенсивтік көрсеткіш 914,4 құрайды.
ҚР ДСМ-нің эпидемиологиялық ахуалды бағалау көрсеткіштері бойынша Түркістан облысы «жасыл аймаққа» енгізілген. Бүгінгі таңда облыс бойынша 2021 жылдың 1 қаңтар мен 19 қаңтар аралығында COVID-19 расталған 231-жағдай, 100 мың халыққа шаққандағы интенсивтік көрсеткіш 11,4 құрады. 231 жағдайдың ішінде 97 (45,3%) жағдайы қарым-қатынастағылар арасынан, анықталып отыр (Үй жағдайында карантиндік талаптардың сақталмауы бетперделік режим сақтамауы, қыс мезгіліне байланысты отбасы мүшелерінің бір бөлмеде отыруы, желдетудің жүргізілмеуі т.б).
39 (16,8%) жағдай эпидемиологиялық көрсеткіштерге қарай тексеру кезінде анықталған (ЖРВИ, пневмония).
95 (41,5%) жағдай профилактикалық мақсатта (шұғыл және жоспарлы стационарға жатқызылғандар-25, жүкті әйелдер-3, кеден бекетінен өткендер-4,ақылы тексерілгендер-1, Вахтавиктер-62). Оның ішінде
симптомдармен-43 жағдай,
симптомдарсыз-188 жағдай тіркелген.
Пневмония ауруымен 110 науқас анықталды.
Қазіргі таңда:
— стационарлық ем қабылдап жатқандар–113 (КВИ-24, пневмония-81).
-амбулаториялық жағдайда ем қабылдап жатқандар–146 адам,
-қарым-қатынаста болған 447 адам медициналық бақылауда.
Инфекциялық стационарлардың төсек орын жүктемесі (загруженность): 19,2%
Жалпы төсек орын саны-610
Жатқызылғаны-113
Бос орындар-497.
Оқу жылының басынан оқушылар арасында КВИ аурушаңдығынан 69 жағдай тіркелді: Сайрам-21ж., Махтаарал-17ж., Түркістан-2ж., Ордабасы-2ж., Жетісай-6ж., Келес-1ж., Бәйдібек-1ж., Түлкібас-4ж., Арыс-1ж., Төлеби-5ж., Шардара-1ж., Сарыағаш-7ж.,Отырар-1ж. Мектеп оқушыларының 64-ы онлайн (қашықтықтан), 5-і оффлайн (Бәйдібек, Түлкібас, Түркістан, Отырар, Төлеби) оқу түрімен оқытылады.
Оқытушылар арасында КВИ аурушаңдығынан 15 жағдай тіркелді: Мақтаарал-4ж., Созақ-1ж., Сайрам-6ж., Түлкібас-2ж., Төлеби-1ж., Жетісай-1ж. (Төлеби-1 бала күтімі демалысында) Мектеп оқытушылары онлайн оқу түрімен оқытылады. Облыс бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырған медицина қызметкерлері тіркелген жоқ.
2021 жылдың 19 қаңтарына дейін облыста коронавирустық инфекцияның расталған 231 жағдай тіркелді (симптомдармен-43, симптомдарсыз-188). 100 мың халыққа шаққандағы интенсивтік көрсеткіш 11,4 құрады.
2021 жылы тіркелген КВИ аурушаңдығы аудандар бойынша: Созақта ауданында-63, Сайрам ауданында-54, Мақтаралда-28, Төлебиде-26, Сарыағашта-14, Жетісайда-13, Түлкібаста-13, Шардарада-6, Бәйдібекте-4, Қазығұртта-4, Ордабасыда-3, Арыс қаласында-1, Келесте-1, Түркістан қаласында-1, Кентау қаласында-1 науқастан анықталған.
Эпидемияға қарсы атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталар болсақ «COVID-19» зертханалық расталған 231 науқас бойынша 135 ошақ анықталып, барлығында дезинфекциялық, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді. Ошақтардағы қарым қатынастағылар саны- 496. Қарым қатынаста болғандардың барлығы үй жағдайында карантинге қалдырылды. Тіркелген инфекция ошақтары және қарым-қатынастағылар бойынша эпидемиологиялық іс-шаралар жалғасуда. ПТР зертханалар саны-9, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін полимеразды тізбекті реакциясы әдісімен 415 381 адам тексеруден өткізілді, оң нәтижемен анықталғаны – 3906. Сонғы бір тәулікте –2397, ПТР тесттердің қалдығы – 58843.

Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

2021 жылдың 18 қаңтарына облыста тіркелген коронавирустың 231 расталған жағдай тіркелді.
231 жағдайдың ішінде 97 (45,3%) жағдайы қарым-қатынастағылар арасынан, анықталып отыр (Үй жағдайында карантиндік талаптардың сақталмауы бетперделік режим сақтамауы, қыс мезгіліне байланысты отбасы мүшелерінің бір бөлмеде отыруы, желдетудің жүргізілмеуі т.б).
39 (16,8%) жағдай эпидемиологиялық көрсеткіштерге қарай тексеру кезінде анықталған (ЖРВИ, пневмония).
95 (41,5%) профилактикалық мақсатта (шұғыл және жоспарлы стационарға жатқызылғандар-25, жүкті әйелдер-3, кеден бекетінен өткендер-4,ақылы тексерілгендер-1, Вахтавиктер-62).

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.