• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қаңтар 5, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Өмірзақ Шөкеев: Ел қауіпсіздігі — негізгі міндетіміз

02.01.2021
0

 Түркістан обылысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жаңа 2021 жылдың алғашқы күнін облыс орталығындағы құрылыс алаңдарын аралап, қоғамдық қауіпсіздік пен коммуналдық қызмет саласының жұмысшыларымен кездесуден бастады. Қыс айларында қала аумағындағы жолдарды тазалайтын арнайы техникамен танысты. Түркістан тазалығына жауапты мамандармен кездесіп, оларға алғысын айтты.

 «Түркістанды таза қалаға айналдыру мақсатында тазалық жұмыстары күнделікті қарқынды жүргізілуде. Таңның атысы, күннің батысы, мейрам, демалыс демей, тынымсыз атқарып жатқан жұмыстарыңыз үшін үлкен алғысымды айтамын. Таңмен таласа тұрып, қолға күрек алып, ел үшін еткен еңбектеріңізге ризашылығымды білдіремін», — деді облыс әкімі.

 Қаланың жолдарын қардан тазарту және көктайғақ болдырмау мақсатында 21 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Оның ішінде 7 техника жолаяқтарды тазалауда. Көктайғақтың алдын алумен «Түркістан жарық-тазалық», «Жасыл Түркістан» және «Жасыл арман» мекемелері айналысады. Қаладағы жолдарға 245 тонна инертті материалдар мен арнайы тұз қоры қолданылуда. Айта кетейік, жаңа жылдық мереке Түркістан облысында тыныш өтті. Барлық құқық қорғау органдары күшейтілген режимде қызмет атқарып, айтарлықтай қылмыс тіркелмеген. Бұл туралы бүгін өңір басшысына ішкі істер департаментінің басшылығы баяндады. 109 — Бірыңғай байланыс орталығында болған Өмірзақ Шөкеев жаңадан енгізілген бақылау жүйесінің жұмысымен де танысты.

 «Мейрам, демалыс күндері халық демалып жатқанда, біз демалмауымыз керек. Керісінше, бұл уақытта жұмыс күшейеді. Ел тыныштығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету — негізгі міндетіміз», — деді Өмірзақ Шөкеев.

 

 «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен «Ашық әкімдік» жүйесі аясында «Халықты жұмыспен қамту орталығы» мекемесіндегі әр қызметкер алдына заманауи бейнебақылау орнатылған.18 бейнекамера дауыс жазу құралымен қабылдау бөліміне қойылған болса, 3 камера сигналды құрылғымен қамтылған.

Бейнебақылау қаладағы карантин талаптарының сақталуын қадағалау үшін бір жерде шоғырланған адамдарды түсіреді. Ұмытылған заттарды табу, кезек пен саботаж детекторы (егерде орнатылған камеранының шолуын өшірсе телеграм-ботқа хабарлама келеді) қызметкердің жұмыс тиімділігін санау сараптамалары болады. Барлық мәліметтер 109 — Бірыңғай байланыс орталығының арнайы жасалған телеграм-бот қосымшасына хабарлама арқылы келіп, мәліметтер орталық сарапшылары тарапынан қадағаланып тұрады.  Сондай-ақ, өңір басшысы шаһардағы барлық нысандарға жылу беретін орталық қазандықтың жұмысымен де танысты. Ондағы мамандармен кездесіп, жұмыс барысын қарап шықты. Ал, қаладағы құрылыс алаңдарында  жұмыстар демалыс күндеріне қарамастан тоқтаусыз жүруде. Облыс әкімі атқарылып жатқан жұмыстарды аралап көріп, карантин талаптарының қатаң сақталуын ескертті. Өмірзақ Естайұлы «Тұңғыш Президент саябағы» құрылыс басында болып,  38 гектар алқаптағы күрделі жұмыстар аяқталуға жақын екеніне көз жеткізді. Бүгінде саябақтың бас қақпасы орнатылып, жолаяқтар салынуда. Көгалдандыру және ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Субұрқақтар қапталып, жасанды көлдің тіреу қабырғалары бетондалуда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.