• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Шілде 27, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Шұғыл! Түркістан облысында жаңа аудан құрылады

30.12.2020
0

Қазақстан картасында жаңа аймақ пайда болады. Кентау қаласына қарасты 12 ауылдық округы аумағынан жаңа аудан құру жөніндегі елеулі оқиғаны ел құлағына жеткізу үшін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Кентау қаласына арнайы келіп, тұрғындармен жүздесті.
«Сауран» ауданын құру туралы бастаманы ел қуанышпен қолдады.

«Бүгін біз өздеріңізбен үлкен тарихи оқиғаның куәгері болып отырмыз. Кентау қаласындағы елдімекендердің дамуына қанша көңіл бөлгенімен, ары қарай дамыту бағыттары мені көптен бері толғандырып жүрген мәселелердің бірі болатын. Бұлай дейтін себебім, Кентау қаласы шекарасының кеңеюі, тұрғындар санының екі есеге артуы, 12 ауылдық округтің Кентау қаласында орналасуы қала деңгейін аудандық деңгейге көшкенін көрсетіп отыр. Бұл өз кезегінде тұрғындар үшін көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының төмендеуі, елдімекендердегі инфрақұрылым жүйелерімен аз қамтылуы, қала орталығының ауылдық елдімекендерден шалғайда орналасуы, сондай-ақ, Кентау қаласы өз тарихында полиметалл рудасын өндіретін өнеркәсіптік қала ретінде дамығандығын ескерсек, Кентаудың аудандық орталыққа айналуы іс жүзінде қала дамуының баяулауына және ауылға жеткіліксіз көңіл бөлінуіне әкелуі мүмкін», – деді облыс әкімі.

Жаңа құрылатын ауданға «Сауран» аты беріледі. Өйткені ортағасырлық тарихи Сауран қаласы Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан және ежелгі Түркістан ұғымымен байланысты. Шорнақ елді мекені жаңа ауданның әкімшілік орталығы болып қалыптаспақ.
Жақсы жаңалыққа жергілікті халық бек қуанды. Маңызды бастаманы зиялы қауым мен ардагерлер бірауыздан қолдады.

«Барлығымыздың көкейімізде жүрген маңызды мәселені көтеріп, оны шешуге ұйытқы болғаныңыз үшін сізге алғысымызды білдіреміз. Біз үшін бұл жүрекжарды жаңалық, оны жоғары жаққа жеткізіпсіз. Жаңа құрылатын ауданның өркендеп, дамуын ел болып қолдап, үлес қосуға дайынбыз», – деді Шорнақ ауылының ардагерлері.
Жаңа аудан құру және онда аудандық мемлекеттік органдардың, құқық қорғау және басқа құрылымдық органдардың құрылуы, мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігін және ауылдық жерлердің дамуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, Кентау қаласы өнеркәсіпті және индустриалды орталық ретінде дамуға жаңа серпіліс алмақ.

«Сауран» ауданы келер жылғы «Наурыз» мерекесі қарсаңында ашылады. Ал, Кентау қаласы өнеркәсіпті және индустриалды орталық ретінде дами отырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық өсуіне үлес қоспақ.

Кентау қаласына жасаған сапары барысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жаңадан пайдалануға берілген Кентау қаласындағы емханада болды. Жедел жәрдем көрсету станциясымен ауысымына 500 науқас қабылдайтын қалалық емхана соңғы үлгідегі заманауи техникалармен жабдықталған. Жобаға облыстық бюджеттен 838,8 млн. теңге қаржы қаралған. Бүгінде емханада амбулаторлық-емханалық, алғашқы-медициналық, консультациялық-диагностикалық көмек, коронавирус инфекциясы бойынша сүзгі бөлімі және жедел жәрдем қызмет етуде. Қазіргі таңда мұнда 248 дәрігер және 906 орта медициналық қызметкерлер жұмыс істейді. Емханада 32 мобильді топ құрылған.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ИНТЕРНЕТТЕГІ ДІНИ ҚАУІПСІЗДІК

ИНТЕРНЕТТЕГІ ДІНИ ҚАУІПСІЗДІК

Айғақ медиа
24.07.2025
0

Үшінші мегаполисте  дін саласындағы саясатты іске асыру және діни тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында маңызды іс-шара өтті. «Дін саласындағы өзекті мәселелер...

ҚАЛАДА ҮШ ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Айғақ медиа
24.07.2025
0

Отбасы – адамзат үшін ең қастерлі құндылықтың бірі. Оның іргесі берік, шаңырағы биік болса ғана елдің демографиялық ахуалы жақсарып, қоғам...

ШЫМКЕНТТІК ӨРТ-ҚҰТҚАРУШЫЛАР – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТЫҢ КӨШБАСЫНДА

ШЫМКЕНТТІК ӨРТ-ҚҰТҚАРУШЫЛАР – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТЫҢ КӨШБАСЫНДА

Айғақ медиа
24.07.2025
0

2025 жылғы 16–19 шілде күндері Қостанай облысының Тобыл қаласында өрт сөндіру-құтқару спортынан Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаттары өтуде. Бұл жарыстар —...

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЛЕТТЕ ҮЗДІК ҮШТІККЕ ЕНДІ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЛЕТТЕ ҮЗДІК ҮШТІККЕ ЕНДІ

Айғақ медиа
24.07.2025
0

Қазақстанның жас құтқарушылары халықаралық деңгейде өздерінің батылдығы мен кәсіби машығын дәлелдеді. Шымкент қаласынан келген «Жас құтқарушылар» командасы Беларусь Республикасының Минск...

ШАҒЫН ГРАНТТАР КОНКУРСЫ БАСТАЛДЫ

ШАҒЫН ГРАНТТАР КОНКУРСЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
24.07.2025
0

Әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға қолдау көрсету саласындағы шағын гранттарға арналған конкурс Алматы мен Шымкент қалаларында және Солтүстік Қазақстан, Ақмола және...

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

“ЭКО ШИНА” ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

Айғақ медиа
17.07.2025
0

Қазақстанда қалдықтарды басқару жүйесі жаңа деңгейге көтерілуде. Бұл бастамаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негіз болды. 2024 жылғы ақпанда өткен...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.