• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Ақпан 28, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ «АШЫҚ ӘКІМДІК» АЛАҢЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

30.12.2020
0

Түркістан қаласында «Ашық әкімдік» кеңсесінің тұсауы кесіліп, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев онлайн форматта Бірыңғай қабылдау күнін өткізді. Шараға Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Айбек Шілманов және облыс әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшылары қатысты. «Ашық әкімдік» мақсаты — халыққа қалтқысыз қызмет ету. Мемлекеттік қызметтің ашықтығын, қолжетімділігін көздейтін алаң құру. Осылайша өңір тұрғындары алдын-ала жазылусыз мемлекеттік орган өкілдерімен тікелей кездесіп, өздерінің түйіткілді мәселелерін көтере алады, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы қалың ел тарапынан кеңінен қолдау тапты. «Ашық әкімдік» кеңсесінің ашылуы мемлекеттік аппаратты трансформациялаудағы, сондай-ақ жаңа формациядағы мемлекеттік қызметшілерді қалыптастырудағы және халыққа қызмет көрсетуде жайлылықты арттырудағы маңызды қадам болып табылады. Ел игілігі үшін ашылған бұл кеңсе көптеген мәселелердің күрмеуін шешуіне өз септігін тигізетіні сөзсіз», — деді облыс әкімі.

Жаңа алаң халықпен ашық пікір алмасуға, бұқарамен кездесуге, елдің жағдайымен жақыннан танысу мақсатында, жаңадан бой көтерген басқармалар үйінің бірінші қабатынан ашылды. Бірыңғай кеңсе форматы жобасында өтініштермен жұмыс жасайтын 21 және тікелей мемлекеттік қызмет көрсетілетін 16 облыстық басқармалардың мамандары қамтамасыз етілген.

Келушілер үшін күту залы, тегін wi-fi мен банкоматтар және арнайы e-gov порталына қосылған терминалдар орнатылған. Сонымен қатар, мұнда тұрғындармен «Ашық диалог» форматында open space залы жұмыс іске қосылып, жеке мәселелері бойынша азаматтардын қабылдау өткізіледі.

Бірыңғай қабылдау күнін өткізген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс тұрғындарымен онлайн режимде тілдесті. Шағым – тілектерін тыңдап, жауапты орынбасарларына тапсырма берді. Атап айтсақ, Сайрам ауданынан өтінішпен шыққан жергілікті тұрғын зауыт ашу үшін жер сұрады. Осыған орай бір ғана Қарабұлақ ауданында жер телімдеріне қатысты 1,5 мыңға жуық заңсыз әрекеттердің анықталғаны айтылды. Облыс басшысы заң талаптарына сәйкес кәсіпкер өтінішін жүзеге асыруды тапсырды. Сондай-ақ Мақтаарал ауданы, Жеңіс ауылының тұрғыны ауылдастары атынан алғысын айтып, ел аманатын жеткізді. Өмірзақ Естайұлы Бәйдібек, Арыс, Сайрам және Мақтаарал аудандарының тұрғындарының базынасына тиісті аудан мен қала әкімдеріне тікелей байланыс арқылы тапсырмалар жүктеді.

Бекітілген жоспар-кестеге сәйкес, облыс тұрғындарының өтініштерін барынша азайту және сапалы жауап берілуін арттыру мақсатында облыс әкімі аппараты тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылуда. Апта сайын облыс әкімінің орынбасарлары облыс тұрғындарын онлайн форматында жеке қабылдайды. Бұл өз кезегінде жергілікті тұрғындардың көтерілген мәселелерін бір жерден шешімін тауып, өтініштерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Азаматтарды әр айдың соңғы жұмасы күні Бірыңғай қабылдау күндерін ұйымдастыру мақсатында, аталған кеңседе арнайы азаматтарды жеке қабылдау бөлмесі жасақталды. Тұрғындар түрлі мәселелер бойынша өтініш-тілектерін қалдыра алады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...

4 ЖАСТАҒЫ ӘЛИ БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫ ИГЕРІП ҮЛГЕРГЕН

4 ЖАСТАҒЫ ӘЛИ БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫ ИГЕРІП ҮЛГЕРГЕН

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Түркістан облысында төрт жастағы Әли Адамбек мектеп табалдырығын аттап, бастауыш сынып бағдарламасын меңгеріп үлгерген. Құрдастары әріп танып жүргенде, ол күрделі...

ТАРАЗДА ЗАҢСЫЗ БЕЛГІ ҮШІН ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЖАППАЙ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

ТАРАЗДА ЗАҢСЫЗ БЕЛГІ ҮШІН ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЖАППАЙ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Таразда жол ережесін бұзбаған бірнеше жүргізуші заңсыз айыппұл төлеп келген.Тексеріс Сүлейменов көшесінде орнатылған 40 км/сағ жылдамдық шектеу белгісінен басталды.Камералар жылдамдықты...

1,5 МЛН ТЕҢГЕ: СЕМЕЙДЕ АУЫЛҒА КӨШУ БАҒДАРЛАМАСЫ

1,5 МЛН ТЕҢГЕ: СЕМЕЙДЕ АУЫЛҒА КӨШУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

“10 сиыр мен бір жылқы бар”: Семейде әкімдік тұрғындар ауылға көшу үшін 1,5 миллион теңге ұсынуда.Семейде “Қаладан – ауылға” атты...

ҚАЗАҚСТАН КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ 4 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ 4 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында Әлем кубогының кезеңі басталды. Халықаралық турнирдің алғашқы күні Қазақстан құрамасы төрт алтын медаль...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КӨЛІГІМЕН ҚАЛАҒАН КҮНІ КӨШЕГЕ ШЫҒА АЛМАУЫ МҮМКІН

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КӨЛІГІМЕН ҚАЛАҒАН КҮНІ КӨШЕГЕ ШЫҒА АЛМАУЫ МҮМКІН

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Енді қазақстандықтар қалаған күні көлігімен көшеге шыға алмайды. Мемлекеттік нөмірдің соңғы цифры 9 болса сіз 2-сі, 4-і, 16-сы сияқты даталарда...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.