• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Желтоқсан 26, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

15.12.2020
0

Ақорда резиденциясында бірқатар мемлекеттің жаңадан тағайындалған төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті-, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Сенім грамоталарын Франция Республикасының елшісі Дидье Канесс, Украинаның елшісі Петр Врублевский, БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы тұрақты үйлестірушісі Микаелла Фриберг-Стори, Солтүстік Македония Республикасының елшісі Сали Лимани, Пәкістан Ислам Республикасының елшісі Саджад Ахмед Сихар табыстады.Қасым-Жомарт Тоқаев барлық елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, оларға екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуда сәттілік тіледі.

Мемлекет басшысы шетелдік елшілердің алдында сөйлеген сөзінде бүгінгі салтанатты рәсім бүкіл әлем қауымдастығы үшін бұрын-соңды болмаған қиындықтар кезінде өтіп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, ынтымақтастық пен тиімді халықаралық ықпалдастық біздің халықтарымызды кез-келген қауіп-қатерге қарсы тұра алатындай қауқарлы етудің кілті. Президенттің пікірінше, біздің еліміз аталған мемлекеттермен және БҰҰ жүйесімен серіктестікті Қазақстанның сыртқы саясатының ажырамас бөлігі ретінде қарастырады.Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Еуропалық Одақтағы басты серіктесі және еліміздің бесінші инвесторы Франциямен стратегиялық қатынастарды дамытуға ерекше мән беретінін айтты. Тау-кен, мұнай-газ, көлік техникасы, құрылыс материалдары өндірісі, химия және тамақ өнеркәсібі сияқты салалар бойынша ынтымақтастық табысты дамып келеді.  Сонымен қатар ауыл шаруашылығы, жаңартылған энергия және цифрлық технологиялар, мәдениет, білім, туризм салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың зор әлеуетін пайдалануға болады.– Қазақстан тарапы француз кәсіпкерлеріне еліміздегі пайдалы жобаларға инвестиция салу үшін жекелеген тәсілдер ұсынуға дайын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Петр Врублевскийді қабылдаған Президент екі ел арасындағы дәстүрлі достық байланыстарды одан әрі нығайту және Украинамен көпжақты ынтымақтастықты арттыру Қазақстан үшін өте маңызды екенін айтты.– Біздің екіжақты қатынастарымыз терең тарихи байланыстарға негізделген. Ал Қазақстандағы украин диаспорасы біздің халықтарымыздың арасын «алтын көпір» ретінде байланыстырады. Бүгінде біздің кәсіпорындар әртүрлі салада ынтымақтаса жұмыс істеуде. Екі елде де жүргізіліп жатқан маңызды трансформациялық реформалар саяси, сауда-инвестициялық, мәдени және халықтар арасындағы байланыстардың одан әрі нығая түсуіне септігін тигізеді деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.

Микаелла Фриберг-Сторимен әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның БҰҰ Жарғысына негізделген инклюзивті көпжақты саясатқа берік болып қала беретінін жеткізді.– БҰҰ жүйесімен және оның шеңберіндегі серіктестігіміз айтарлықтай нәтижелі болды. Соңғы отыз жылда Қазақстан БҰҰ-ның барлық негізгі органдарына, оның ішінде Қауіпсіздік Кеңесіне қатысып, бірқатар басым міндеттерді орындады. Орталық Азия мен Ауғанстандағы тұрақты дамудың 2030 жылға дейінгі күн тәртібін тиімді үйлестіру үшін біз Алматыда БҰҰ-ның аймақтық орталығын құруға ниеттіміз, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Республикасын Шығыс Еуропа мен Балкандағы Қазақстанның маңызды серіктесі ретінде қарастыратынын атап өтті.

– Біздің елімізде әртүрлі этникалық және діни топтар өмір сүреді.  Бұл біздің мемлекеттеріміздің арасындағы ортақ ұқсастық. Осындай ерекшеліктер елдерімізді нығайтады. Сіздің еліңізбен саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге бас мән береміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Саджад Ахмeд Сихарды қабылдаған Мемлекет басшысы Пакістанның Азиядағы негізгі серіктестеріміздің бірі екенін айтты. Екі ел арасында саяси және экономикалық тұрғыдан мазмұнды диалогқа бағытталған берік серіктестік орнаған.

– COVID-19 індетінің кері әсеріне қарамастан, екіжақты сауда-саттық артып келеді. Дегенмен, елдеріміз арасындағы көлік қатынасының нашарлығынан біз өз мүмкіндігімізді толық пайдалана алмай отырмыз. Осыған байланысты Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия серіктестіктің көкжиегін кеңейтеді деп үміттенеміз. БҰҰ, Ислам ынтымақтастығы ұйымы және Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы оң ықпалдастық ортақ мүдделерімізге қызмет етеді, – деді Президент.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, олардың мемлекет басшыларына жүрекжарды сәлемін жолдады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласы мәслихатының 30-шы сессиясында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей ықпал ететін маңызды мәселелер қаралды. Сессияда кәсіпкерлікті қолдау, салық саясатын жетілдіру,...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.