КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА
Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...
«Абай – әлем көзімен» байқауы – қазақтың ұлы ақыны Абай мұрасын өзге ұлт өкілдері арасында кеңінен насихаттап, дарынды көркемсөз оқушыларын анықтау, ақынның мол мұрасын әлемге таныту, қазақ ұлттық руханиятына деген өзге ұлт өкілдерінің ықыласын арттыруды көздейді. Ал қазақ вальсінің королі атанған Шәмші әндерін кеңінен насихаттау, ән айтуға деген талпынысы бар жандарды анықтап, сазгердің шығармашылығын ұрпақтар сабақтастығы ретінде жалғастыру бұл — «Ән аға» байқауының негізгі мақсаты.
«Абай – әлем көзімен» байқауы 16 қараша мен 2 желтоқсан аралығында өтіп, оған облыс көлемінде 77 үміткер қатысты. Байқаудың шарттарына сәйкес, 14-40 жас аралығындағы азаматтар өз әлеуметтік желі парақшаларына Абайдың өлеңін мәнерлеп жатқа оқып, #АбайӘлемКөзіменРуханиЖаңғыру хештегін қою арқылы видео жүктеген болатын. Іріктеуден 2-кезеңге 33 үміткер жолдама алып, Абайдың қара сөздерін жатқа оқыды. Сайыс нәтижесінде 1-орынды Мақтаарал ауданынан қатысқан Саидвали Каландаров, 2-орынды Кентау қаласынан Интизора Нусратуллаева, Сарыағаш ауданынан Сабина Акрамова, Сайрам ауданынан қатысқан Мухаббат Адахамовалар иеленді. Үздік үштікті Жетісай ауданынан Ражабгул Колдашева, Созақ ауданынан Алина Гниязова, Бәйдібек ауданынан қатысқан Мрдиси Абасали қорытындылады.
«Ән аға» байқауы 6-18 қараша аралығында өтіп, байқауға облыс көлемінде 64 үміткер қатысты. Байқаудың шарттарына сәйкес, 14-45 жас аралығындағы қатысушылар бақ сынап, Шәмшінің кез-келген әнін музыкалық сүйемелдеумен орындады. Әр қатысушы өз әлеуметтік желі парақшасында (инстаграм) #ӘнАғаРуханиЖаңғыру хештегімен видео жүктеп және @rukhanizhangyrutur парақшасына тіркеліп, оны белгілеп кетуі жөн болатын. Байқау қорытындысында жүлделі 3-орынды Кентау қаласы, Қарнақ ауылынан Сарвариддин Құрбантайұлы, Созақ ауданы Қозмұлдақ елдімекенінен Ақмаржан Мамырғалиқызы, Бәйдібек ауданын қатысқан «Қос-Тұра» дуэті иеленді. Ал, 2-орынға Кентау қаласынан Айжан Тұрсынбекқызы мен Отырар ауданынан қатысқан Ұлжалғас Жұмабекқызы лайықты деп танылса, Мақтаарал ауданынан қатысқан Ескендір Киікбайұлы 1-орынды олжалады.Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...
Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...
Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...
Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...
Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...
Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қарқын алып келеді. Қала әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» мекемесі инвестициялық бағдарлама аясында...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.