• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Желтоқсан 26, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Волонтер жылы Түркістан облысының еріктілері ерен еңбектерімен көзге түсті

08.12.2020
0

«БІЗ БІРГЕМІЗ» жалпыұлттық акциясы аясында ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен коронавирус пандемиясы кезеңінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына азық-түлікпен және 50 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Түркістан облысы бойынша 43 мыңнан астам отбасыға әлеуметтік қолдау білдірілді. Облысымыз бойынша 1 мың волонтер белсенділері азық-түлік себеттерін контактісіз режимде, санитарлық талаптарды сақтай отырып жеткізіп берді.
Қазіргі таңда, Түркістан облысы бойынша 10 мыңға жуық жас волонтер қозғалыстарға тартылған.
Еліміздегі төтенше жағдай кезінде облыс көлемінде 1700 волонтерлық акция ұйымдастырылды. Акция аясында халыққа 200 мың қорғаныс бетперделері, 30 мың дана ақпараттандыру қағаздары, тарқатылды.
«Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы мен бірқатар облыстық маслихат депутаттары, облыстық Жастар ресурстық орталығы және ел жанашырларының қолдауымен «Jas Turkistan» қозғалысы құрылып, пандемияға қарсы күресті күшейту мақсатында «O2mir» және «Shipa» жобаларын қолға алған болатын. Аталған жобалар барысында облыс ауруханаларына 52 тыныс алу аппараты мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға 650 дәрі-дәрмек қобдишалары жеткізілді.

Елімізде 15 шілдеден бастап, ақ халатты абзал жандардың құрметіне арнап «Дәрігерге мың алғыс» республикалық акциясын бастаған болатын. Аяқтарында тік тұрып, әрбір өмірге араша түсуде ерекше, қажырлы еңбек етіп келе жатқан дәрігерлерге арналған 1000 дана алғыс себеттері табысталды.
Облысымыздың волонтерлары Түркістан қаласындағы дәріханаларға мониторинг жұмыстары жүргізді. Тұрғындар тарапынан түскен шағымдарға сәйкес, дәрілердің шектік бағасы, қолжетімділігі  назарға алынды.
2020 жылы 2 мамырда Мақтаарал ауданында орын алған  төтенше жағдайға байланысты «Біргеміз, Мақтаарал!» штабы құрылып, бұл штабта 500-ге жуық волонтер қызмет етті. Волонтерлар 1600 тоннадан астам  гуманитарлық көмекті халыққа тарату, 23 мыңнан астам бетперделер мен антисептикалық құралдарды үлестіру жұмыстарын жүргізіп, 2500-ден астам тұрғынға, 250-ге жуық отбасыға азық-түлік пен қажетті тұрмыстық заттарды таратты.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Үкіметтің 2020 жылғы 16 қаңтардағы №3 қаулысына сәйкес, Волонтерлар жылына арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Түркістан облысында аймақтық фронт-кеңсе ашылып, аймақтық фронт-кеңсенің жоспарына сәйкес, волонтер жылының 7 жалпыұлттық жобасы аясында іс-шаралар жүзеге асырылып, 2500 волонтер жұмылдырылды.
Жалынды жастар арасындағы экологиялық қозғалысты дамыту мақсатында, «Экологиялық мәдениет – біздің таңдау!» атты іс–шара өткізілді. Тағы бір ерекше шара – облысымызда алғаш рет «Жастар таза қала үшін!» атты плоггинг өткізілді. Бұл экологиялық қозғалыс жастардың бастамасымен бастау алып, өңіріміздегі табиғи мекендерде тазалық жұмыстарын жүргізуде. Қаланы көркейту мақсатында, волонтерлар көмегімен шырша көшеттерін отырғызу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Түркістан қаласының волонтер жастары «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасы аясында «Эко сақшылар» сенбілік акциясын өткізді.
«Birgemiz: Asyl mura»  жалпыұлттық жобасы аясында волонтер жастар облысымыздағы тарихи және мәдениет үшін айрықша маңызы зор 1663 археология және сәулет ескерткіштерімен танысып, мониторинг жұмыстарын жүргізді. Одан бөлек, волонтерлар Түркістан облысындағы тарихи, мәдени ескерткіштерді, мемориалды кешендерді қалпына келтіру бойынша жобаларды жүзеге асырып, ШҚО «Берел» қорымында, Жамбыл облысы, Бақалы ауылы, «Жылқышы төбе» археологиялық қазба орындарында тазалық және археологиялық жұмыстар, қамқорлық, реставрациялық жұмыстар жүргізілді. Осы жобаларға қатысуға өтініш білдірген волонтерлар саны 500-ге жетті. Бұл көрсеткіш республика бойынша 1-орында. Сонымен қатар, «Өз еліңді танып біл» тақырыбы аясында, Аппақ-Ишан мешіт медресесіне, Бәйдібек би, Домалақ ана, Қос ана кесенесі, «Көне Сауран» қалсына, Боралдай петроглифтерінде еріктілермен экскурссия жүргізіліп, тазалық жұмыстары өтті. Түркістан облысының волонтерлары «Ночь в Музее» жобасы аясында түнгі музейде болып қайтты.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында ауыл шаруашылығын дәріптеу және облысымыздағы ірі шаруашылық орталықтарының жұмысын насихаттау мақсатында «Ауылдағы бір күнім» телевизиялық реалити-шоуы аясында «Мал мен егін – көл-көсір өнім» сайысы өтті. Сайысқа облыс бойынша 16 аудан, қаланың белсенді волонтер жастары қатысты.
Облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен волонтерлар  қозғалысын дамыту мақсатындағы «Түркістан облысы волонтерлар слеті» тиісті сақтық шараларын қамтамасыз етуге байланысты көшпелі семинар-тренинг түрінде өткізілді.Слет аясында 300 волонтер жас қамтылды.
Волонтер жастардың шет тілдерін меңгеру дәрежесін көтеру мақсатында облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «OPEN ENGLISH» жобасы бастау алып, жоба аясында волонтер жастар жалпы 4 аптаны құрайтын арнайы әзірленген бағдарлама бойынша ағылшын тілінде дәріс алған болатын. Әрі қарай жоба қатысушылары желтоқсан айында волонтерлық тұрғыда өздерінің алған білімдері арқылы өңірдің басқа да жастарының ағылшын тілін меңгеруіне ықпал жасайтын болады.
Жоғарыда аталған жобалар, шаралар бойынша аймақтық, республикалық телеканалдар мен баспасөз беттеріне 66 ақпараттық материалдар, әлеуметтік желілерде 1200 аса жарияланымдар жарық көрді.
Волонтерлардың бірегей онлайн-платформасы Qazvolunteer.kz сайтына облыс бойынша 2000 волонтер тіркелген. Одан бөлек, «Қазақстан волонтерлар лигасы» платформасына 1000 жуық волонтер тіркеліп, облыс бойынша 10 000 жас волонтерлық қызмет бойынша оқыту семинарларынан өтті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласы мәслихатының 30-шы сессиясында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей ықпал ететін маңызды мәселелер қаралды. Сессияда кәсіпкерлікті қолдау, салық саясатын жетілдіру,...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.