Түркістан қалалық әкімдігінде «ҚР Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов салтанатты жиында көпшілікті атаулы дата күнімен құттықтап, мерекенің мән-маңызына тоқталды.
Бұл айтулы мерекенің мәні зор, маңызы ерекше. Осыдан 29 жыл бұрын, яғни 1991 жылдың 1 желтоқсанында еліміз алғаш рет бүкілхалықтық сайлау негізінде өзінің тұңғыш Президентін сайлаған болатын. Осылайша Президенттік институтты енгізу арқылы Қазақ мемлекеті өз тарихындағы жаңа дәуірге қадам басты. Тәуелсіздігін жариялап, дербес ел атанды. Міне, содан бері еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қысқа мерзімде көптеген жұмыстар жүзеге асырылды.
Солардың бірі рухани орталық Түркістан қаласына облыс орталығы мәртебесін беріп, киелі шаһардың даму бағытына жол ашты. Елбасының осы шешімінің арқасында Түркістан қаласы екі жылдың ішінде шырайы кіріп, шынайы өркендеуге бет алды. Қысқа мерзім ішінде қыруар шаруалар атқарылды. Экономикасы нығайды, әлеуетті артты.
Бұл күнгі мерекелік жиында бірқатар азаматтар қала әкімінің арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.
ТҰРАР ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН ИДЕЯСЫ
Биыл Алаш перзенті, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл. Осыған орай Түркістан қаласында “Тұрар және Түркістан...