ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ
Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...
Әулиелер мен түркі жұртына тамыр жайған тұлғалары бар, 500-ден аса тарихи, киелі, шежірелі орындар мен кесенелерге бай Созақ ауданы әйгілі Қожа Ахмет Ясауидің тарихымен де тығыз байланысты. Түбі бір түркі жұрты тарихына қанат жайып, әлем алдында өзіндік терең тамыры мен танымын айқындап, айшылық алыс жердегі күллі қауымға бас идірген Қожа Ахмет Ясауидің шыққан тегі мен бабалары да даналық пен даралықтың ерекше жаратылыс иелері екенін аңғаруға болады.
-«Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың тарихы жайлы білгенімізден білеріміз әлі де көп. Ясауидің ізімен жүріп ата-анасы мен бабаларынан бастап тарихын зерделеп, шәкірттеріне дейінгі мәліметтерді тереңдей зерттеу, іздестіру — алдымызға қойған басты мақсаттардың бірі. Әрбір ұрпақ Ясауи десе көк күмбезді кесенені ғана елестетіп қоймай оның шыққан тегін, тарихи тұлғалармен байланысын да білуі абзал. «Ясауи ізімен» тарихи-деректі жобасының да көздегені осы. Ясауи ілімі де қаншама елдерге таралған. Алдағы уақытта Ясауи жолымен жүре отырып, ауқымды дүниелерді топтастыруымыз тиіс»,- дейді «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов.
Экспедиция мүшелері ең бірінші кезекте дала түріктеріне Ислам дінін ең алғаш таратушылардың бірі, Мұхаммед ( с.ғ.с.) Пайғамбарымыз бен Әзірет Әлінің тікелей ұрпағы болып келетін, елдің мәдени, рухани өрлеуіне өлшеусіз үлес қосқан Ысқақ баб кесенесіне барды. Тарихи шежірелерде Ысқақ бап Пайғамбарымыздың тікелей нәсілі, яғни өзінен санағанда алтыншы, әкесінен бермен есептегенде бесінші ұрпағы ретінде айтылады. Ал, бүкіл Түркі дүниесіне әйгілі Қожа Ахмет Ясауи Ысқақ баптың кіндігінен тараған ұрпағы саналады.
-«Шежіре-насабнамелерде Ысқақ баб Түркістанға хижра санауы бойынша 150 жылдары келді деп көрсетілген. Сол кездегі дала түріктерінің ең шеткі шекарасы болып саналған Қаратаудың терістігіндегі Қаракөз бұлағының басына қоныс теуіп, осында қоныстанған. Мешіт, медресе салып, бала оқытып қазақ тайпаларының Исламға көзін ашқан. Сол жерге жерленіп, басына сағана тұрғызылған. Содан бері ұлы шайхының жатқан жерін жергілікті халықтар Баб-ата деп атап кеткен»,- дейді Созақ аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрғайша Балаубекова.
Кесене бұрынғы Баладж деп аталатын қала орнына салынған. Кесене үйі өзінің құрылысымен, салыну тәсілімен ерекшеленеді. Мұнда негізінен екі күмбез бар. Бірі – үлкен, екіншісі-кіші. Кішісінің астында Ысқақ баб әулие және әйелі, балалары жатыр. Артқы кіші күмбездің диаметрі 25 – 27 метрдей болса, үлкені — 36 метр. Үлкен күмбездің астында «жаназа намазы «оқылады деп есептелген. Ысқақ баб мешіті сырттай қарағанда Ахмет Ясауи кесенесін еске түсіреді. Ысқақ баб туралы зерттеу жұмыстары белгілі ғалымдар Колосовский, Аристов, Кастанье және жергілікті қаламгерлер М.Жәмеков, Д.Тұрантегінің еңбектерінде көрініс тапқан»,- дейді жергілікті өлкетанушы, тарихшы Бекжан Көпжасарұлы.
Ел қарияларының айтуына қарағанда, дін уағыздаушылары Ысқақ бабтың сағанасына мешіт-мазар салуды 1883 жыл шамасында қолға алған десе, зерттеуші –ғалым В.Колоссовский 1901 жылы Ысқақ баб сағанасына 1025 жыл болғанын жазып қалдырған.Сонда сағана 876 жылы салынған боп шығады. Сағана – мешіт үйімен бірге медресе іргесі де қатар қаланған. Олардың кірпішін күйдіретін ошақтар – тандыр пештердің орны әліге дейін сақталған.
Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...
Түркістан облысында төрт жастағы Әли Адамбек мектеп табалдырығын аттап, бастауыш сынып бағдарламасын меңгеріп үлгерген. Құрдастары әріп танып жүргенде, ол күрделі...
Таразда жол ережесін бұзбаған бірнеше жүргізуші заңсыз айыппұл төлеп келген.Тексеріс Сүлейменов көшесінде орнатылған 40 км/сағ жылдамдық шектеу белгісінен басталды.Камералар жылдамдықты...
“10 сиыр мен бір жылқы бар”: Семейде әкімдік тұрғындар ауылға көшу үшін 1,5 миллион теңге ұсынуда.Семейде “Қаладан – ауылға” атты...
Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында Әлем кубогының кезеңі басталды. Халықаралық турнирдің алғашқы күні Қазақстан құрамасы төрт алтын медаль...
Енді қазақстандықтар қалаған күні көлігімен көшеге шыға алмайды. Мемлекеттік нөмірдің соңғы цифры 9 болса сіз 2-сі, 4-і, 16-сы сияқты даталарда...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.