• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 6, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Үкімет тауарларды таңбалау және қадағалау мәселелерін қарады

17.11.2020
0

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында тауарларды таңбалау және қадағалау мәселелері қаралды. Сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов, қаржы министрі Е. Жамаубаев, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қ. Есекеев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов баяндама жасады. Қазақстан ЕАЭО-ның интеграциялық процестері аясында тері бұйымдары мен темекі өнімдерін міндетті таңбалауды енгізді, дәрілерді, алкогольді, аяқ киім мен сүт өнімдерін таңбалау жөніндегі пилоттық жобаларды іске қосты. Қазақстан аумағында тауар қозғалысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін импорттан немесе өндірістен бастап бөлшек саудада өткізуге дейінгі бүкіл тізбек бойынша Тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесі құрылды. Осының арқасында биылғы 10 айдың ішінде кеден баждарының, ҚҚС пен акциздердің қосымша түсімдері 132 млрд теңгені құрады, ал 2025 жылға дейін жалпы нәтиже 2,6 трлн теңгеден асуы мүмкін. Бірыңғай оператор – «Қазақтелеком» АҚ — «Тауарларды таңбалау және қадағалау» ақпараттық жүйесін әзірледі. Таңбаланған тауар айналымын есепке алу және тауарлардың «заңдылығын» тексеру үшін «Naqty Sauda» және «Naqty Onim» тегін мобильді қосымшалары енгізіледі. Бөлшек сауда орындарын сканерлермен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде (34 мың данадан астам). «Тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесін енгізу қазақстандық нарықты контрафактілік және сапасыз өнімдерден қорғауға, азаматтардың денсаулығын сақтауға, отандық өндірушілердің ЕАЭО нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді», — деді А. Мамин. Үкімет басшысы ЕАЭО мемлекеттерінде аталған жұмысты ілгерілетуді ескере отырып, таңбаланған тауарлар тізбесін кеңейту қажеттігін атап өтті, бұл кедергісіз өзара сауданы дамытуға ықпал ететін болады. Бұл ретте ЕАЭО мемлекеттерінің бақылау-сәйкестендіру белгілерін өзара тануы маңызды мәселе болып табылады. «Бизнес өндірілетін және сатылатын тауарлардың сапасын арттыруға, оның ішінде өз өнімдеріне таңба салуға мүдделі болуы тиіс. Таңбалаусыз шетелдік нарықтарға шығу мүмкіндігі болмайды. Таңбалаудың болуы сатылымды, оның ішінде ЕАЭО-да сатуды кеңейтуге, өндірістің артуына, жұмыс орындарының көбеюіне ықпал ететін болады», — деді А. Мамин. Үкімет басшысы бизнес-қоғамдастықты кеңінен хабардар ете отырып, тауарларды таңбалау жүйесіне қатысушылардың барлығының өзара үйлесімді іс-қимылын қамтамасыз етуді тапсырды. Премьер-Министр Тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесін енгізу адал салық төлеушілер үшін бизнес жүргізудің бәсекелестік жағдайларын арттыруға, өндіріс, сауда көлемін ұлғайтуға, көлеңкелі айналымды азайтуға жол ашатынын атап өтті. Қаржы министрлігіне тауарларды қадағалау жүйесін жетілдіру және таңбаланған тауарлардың айналымын бақылау жұмысын жалғастыру, Цифрлық даму министрлігіне «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп, ақпараттық жүйелердің, оның ішінде тегін мобильді қосымшалардың тұрақты жұмыс істеуін, оларды техникалық қолдауды және жылдамдығы жоғары мобильді интернет сапасын қамтамасыз ету тапсырылды.

primeminister.kz сайтынан 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Айғақ медиа
18.10.2025
0

Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қарқын алып келеді. Қала әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» мекемесі инвестициялық бағдарлама аясында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.