Шымкент қалалық Қоғамдық кеңес мүшелері ең алдымен Көмешбұлақтан Тұран шағын ауданына дейін созылған су аққысының құрылысымен танысты. Жауапты мекеме «Сарыағаш аман» ЖШС нысанның бірінші бағытын 15 қарашада аяқтаймыз деп отыр. Су құбырының жұмысы бітіп, іске қосылса, «Тұран» мен «Шымкент сити» тұрғын алаптары толықтай ауыз сумен қамтылады. Жобаның жалпы құны 3 млрд.тг.
Кеңес мүшелері бұдан соң «АГРС-3»-тің жұмысымен танысты. Бүгінгі таңда Шымкенттің 92,1% газбен қамтылған. Бұл мәселені толық шешу үшін 250 000 м³ құрайтын осы нысанның құрылысы жүріп жатыр. Жұмыс аяқталуға жақын. «АГРС-3» сәтті іске қосылса, 30 жылға дейін тұрғындар көгілдір отыннан қиналмайды.

Нұрғазы Бұхарбай бастаған Қоғамдық кеңес мүшелері екі нысанның құрылыс жұмыстарына жауапты мамандармен жүздесіп, мегаполис үшін маңызды жобалардың сапасына мән беруді тапсырды.