Денсаулық сақтау саласының дамуына өлшеусіз үлесін қосып, Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасын басқарған Егізбаев Мұқан Кеңесбекұлына облыстық клиникалық аурухана ғимаратында ескерткіш тақтасы мен музейі ашылды. Мұражай қорында дәрігердің көптеген марапаттары мен естелік суреттері жинақталған.
Шараға марқұмның әкесі Кеңесбек Егізбаев, туған-туыстары мен медицина саласының өкілдері, дос-жарандары қатысты.Жиналған қауым оның жарқын бейнесін еске алып, мәңгі ел есінде сақталатынын айтты.
Өзінің кәсіби шеберлігі, ұйымдастыру қабілетінің арқасында Шымкент қаласындағы бірқатар ауруханаларда белді қызметтерді атқарды. Атап айтқанда, қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы мен облыстық дерматовенерологиялық диспансерді, облыстық клиникалық және облыстық балалар ауруханасын басқарған. Ғылыми және тәжірибелік жұмыстарын да табысты атқарған Мұқан Кеңесбекұлы 41 ғылыми еңбектің авторы.






















