Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы өтті. Отырысқа әр облыс, қаладан қосылған кеңес мүшелері қатысты. Онлайн форматта өткен жиында халық арасындағы кезек күттірмейтін мәселелер ортаға салынды. Ел Президенті оның барлығын ескеретінін айтты.