• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қыркүйек 6, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ЖАҢА ШАҒЫНАУДАН АШЫЛЫП, 386 ҮЙ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

19.10.2020
0

Техногенді сипаттағы төтенше жағдай орын алған Мақтаарал ауданынының  тұрғындары қоныс тойын тойлауда. Апат аумағында қираған үйлер қалпына келіп, Мырзакентте жаңа шағынаудан бой көтерді. 386 отбасын қуанышқа бөлеген қоныс той салтанатты түрде атап өтілді. Қоныс иелерінің қуанышымен бөлісу үшін Мақтаарал ауданына арнайы келген Премьер-министрдің орынбасары Р. Скляр, Өзбекстан Республикасының су шаруашылығы министрі Ш.Хамраев, Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев тұрғындарды құттықтап, баспана кілттерін табыстады.

Алғаш боп сөз алған ҚР Премьер — министрінің орынбасары, төтенше жағдай жөніндегі республикалық комиссияның төрағасы Роман Скляр мақтааралдықтарды құттықтап, игі тілегін жеткізді.

Сонымен қатар, Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдай кезінде ерекше қызмет атқарған бір топ азаматтарға ҚР Премьер-Министрінің алғыс хаттарын табыс етті. Олардың арасында Өзбекстан Республикасының су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев пен Өзбекстан Республиасының төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Абдулла Кулдашов та бар.

Жаңа шағынаудан тұрғындарының қуанышына ортақтасқан облыс басшысы қиындықтың артта қалғанын айтып, әр отбасы үшін баспаналарының берекелі болуын тіледі. Сондай-ақ, облыс басшысы жаңа мөлтек ауданның құрылысына атсалысқан бірқатар азаматтарға ҚР Президентінің алғыс хаттары мен «Халық алғысы» медалін табыстады.

«Сардоба су қоймасындағы бөгеттің бұзылуы шекаралас екі ел үшін де оңайға соқпады. Апат айтып келмейді. Осы тосын жағдайды естіп, мақтааралдықтардың тағдырына алаңдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Мақтааралға мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетілді. Зардап шеккен ауылдардың әрбір азаматы қамқорлықсыз қалмады. Бүкіл ел болып көмек қолын созды. Қиындықтар артта қалып, осы сәт өмірлеріңіздің жарқын кезеңі болсын. Жаңа қоныстарыңыз жайлы да, берекелі болуына шын жүректен тілектеспін»,- деді облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы.

70 гектар жерде орналасқан жаңа қалашықтағы 386 үйге Жеңіс, Жаңатұрмыс және Достық елді мекендерінің тұрғындары көшіп келетін болады. Мұнда барлық инженерлік инфрақұрылым тартылған. Ауыз су, жарық, жылу мен кәріз жүйесі жасақталып, жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне қосылған. Сондай-ақ жаңа мөлтек ауданда 1200 орындық мектеп пен бала-бақша және дәрігерлік амбулатория салынуда. Балалардың ойын алаңдары орнатылып, ағаштар отырғызылған. Желілік саябақ пен гүл бақтары мөлтек ауданның көркіне көрік қосып тұр.

Мамыр айында орын алған апат кезінде 30 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Тілсіз жаудан құтқарылған халық Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен ашылған 24 эвакуациялық орынға орналастырылды. Мақтааралға бүкіл ел болып көмек қолын созды.

Көрші елден апат салдарымен күресуге арнайы техникалар мен 200 адам келді. Өзбекстандық жасақ елді мекендерге жайылған суды тазалау мен су сору жұмыстарын жүргізді. Егістік алқаптарды қалпына келтіріп, шитті мақта етуге атсалысты.

«Nur Otan» партиясының, мен басқа да қазақстандық кәсіпкерлер апаттан зардап шеккендерге қолдау көрсетуде елеулі үлес қосты. Еліміздің түкпір-түкпірінен 700 тоннадан астам келген азық-түлік пен гуманитарлық көмек келді. Су басқан аймақтағы әрбір тұрғын республика бюджетінен 100 мың теңгеден қаражат алды. «Болат Өтемұратов Қоры» зардап шеккендерге үй салып беру үшін 6 млн. доллар бөлді.

Ресей кәсіпкері Әлішер Усмановтың қорынан эвакуацияға ұшыраған тұрғындар үшін 5,2 млн $ аударылды. Бұл қаржы 5202 отбасына (30 420 адам) 1000 АҚШ долларынан үлестірілді.

Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуынан зардап шеккен үш ауыл тұрғындары үшін Мырзакенттен жаңа қалашық бой көтерді. 386 үйдің ішінде 196 тұрғын үйі үкімет резервінен бөленген қаражат есебінен, 150 үй Болат Өтемұратов Қорының қаржысына салынды. 40 баспана «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» қоры мен «Салиқалы ұрпақ» қорларының қолдауымен бой көтерді.

«Біздің қорымыздың құрылтайшысы Болат Өтемұратов қазақстандық меценаттар ішінен алғашқы болып көктемде болған апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетуді шешті. Ол 6 млн. АҚШ долларын бөліп, оларды апат салдарынан баспанасыз қалған 150 отбасына арнап үй салуға жұмсады. Бұл өңірдің қайта құрылуына ең қомақты үлес және салынған үйлердің ең жоғарғы саны боп есептеледі.  Жобаны іске асыру барысында біз ең жақсы материалды таңдап, жұмыс сапасын қатал қадағаладық. Пандемия мен карантинге байланысты қиындықтарға қарамастан, төрт айдың ішінде жобаны орындадық»,- деді Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

Салтанатты шара соңы мерекелік концертке ұласты. Тұрғындардың қуанышын бөліскен Премьер-министрдің орынбасары Р. Скляр мен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев баспаналы болған 2 отбасының шаңырағына кіріп, құтты болсын айтты.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ АРТТЫРУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ӘСКЕРДІҢ МЫҚТЫ БОЛУЫ – ТЫЛ МАМАНДАРЫНЫҢ ЕҢБЕГІНДЕ

Айғақ медиа
04.09.2025
0

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде жуырда Тыл мамандары күні аталып өтті. Бұл мереке – ел армиясының сенімді тірегі болып, көзге көп...

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ АРТТЫРУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

БОЛАШАҚ САРБАЗДАРДЫҢ СЕНІМДІ ҚАДАМЫ

Айғақ медиа
04.09.2025
0

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің генерал Сабыр Рахымов атындағы Әскери колледжінде ерекше мазмұндағы кездесу өтті. Жаңа оқу жылы қарсаңында оқу орнының...

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ АРТТЫРУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТІҢ ТЖД ҚЫЗМЕТКЕРІ ЕЛГЕ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНМЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
04.09.2025
0

Ресей Федерациясының Мордовия Республикасында, Саранск қаласында өрт сөндіру-құтқару спортынан жасөспірім қыздар арасындағы X Әлем чемпионаты өтті. Байрақты додада Қазақстан құрамасы...

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ АРТТЫРУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

АТА ЗАҢЫМ – АЙБЫНЫМ

Айғақ медиа
04.09.2025
0

Бейбітшілік пен тұрақтылықтың, құқық пен еркіндіктің кепілі саналатын Қазақстан Республикасының Конституциясына биыл 30 жыл толды. Осы айтулы мереке аясында Шымкент...

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ АРТТЫРУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ОТАНҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУ — САНАЛЫ ТАҢДАУ

Айғақ медиа
04.09.2025
0

Биыл Қазақстан Республикасы үшін айрықша тарихи белес — Ата заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толып отыр. 1995 жылғы 30 тамызда дүниеге...

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ АРТТЫРУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӘЛЕУМЕТТЕНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Айғақ медиа
04.09.2025
0

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Ішкі істер министрлігі мен қалалық прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен көшпелі ведомствоаралық кеңес өтті. Кеңес...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.