Ел жұртты алаңдатқан құс тұмауының алдын-алу шаралары бойынша жуырда Түркістан облысына АШ министрлігі тарапынан 400 мың доза вакцина бөлінген. Нәтижесінде тиісті препараттар аудан қалаларға үлестіріліп үй құстарына қауіпті індетке қарсы вакцина егу жұмыстары аяқталып отыр. Осылай деген Түркістан облыстық АШ басқармасы ветеринария бөлімінің басшысы Базарбек Омаров құс тұмауына қатысты жағдай сала мамандарының жіті бақылауында тұрғандығын жеткізді. Сонымен бірге құстардан алынған зертханалық сынамалар қорытындысы бойынша аталмыш қауіпті індет облыс көлемінде тіркелмеген. Айталық өңіріміз бойынша қожалықтар есебінде жалпы саны 2 млн ға тарта үй құстары болса олардың барлығын егуден өткізу үшін қажетті вакцинаға қосымша сұраныс берілген. Сондықтан сала мамандары дәл қазір аймақта құс тұмауынан қауіп жоқ деп отыр.
Айғақ-ақпарат