• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Шілде 7, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Агро

Күзгі егін жинау жұмыстарының қорытындысы

10.10.2020
0

«Күзгі егін жинау жұмыстарының қорытындысы» және
«Түркістан облысында тәлімі жерде сүр танаптың алқабын қысқарту мен масақты дақылдарды тікелей егудің тиімділігі»

Ағымдағы жылғы 10 қазанда Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, «Шарбұлақ» ауылдық округі «Сапа-2002» ЖШС-нің егістік алқабында «Күзгі егін жинау жұмыстарының қорытындысы» және «Түркістан облысында тәлімі жерде сүр танаптың алқабын қысқарту мен масақты дақылдарды тікелей егудің тиімділігі» атты облыстық облыстық семинар – кеңес өткізілді.
Семинар-кеңеске Түркістан облысы әкімі Шөкеев Өмірзақ Естайұлы, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС-нің Бас директоры Агеенко Андрей Викторович, агробизнес өкілдері, аудан, қала әкімдері, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы қызметкерлері шақырылып қатысып отыр.
Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ атты Қазақстан халқына арнаған жолдауында ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін еместігін атап өтіп, осы орайда, миллиондаған ауыл тұрғындарының табысын арттыруды нақты міндеттеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 3 негізгі бағытын айқындап жұмысқа кірісті.
Бірінші бағыт – кооперация жүйесін дамыта отырып, өндіріске заманауи озық технологияларды енгізу.
Бұл бағытта Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптасыру іс-шарасы қабылданып, 1458 шаруа қожалықты 9 кооперативке біріктіріп, заманауи техникалармен қамтамасыз етіп, 11,0 мың га жаңбырлатып суару технологиясын ендіруді көзделіп отыр.
Бүгінде 892 га-ға 21 бірлік жаңбырлатып суғару машиналары орнатылды, 26 бірлік соңғы үлгідегі техникалармен қамтамасыз етілді. Жыл соңына дейін жаңбырлатып суғару технологиясы 2,0 мың га дейін жеткізіледі және құны 23,2 млрд. теңгені құрайтын 6 ірі инвестциялық жобаларды іске асыру қолға алынып отыр.
Жаңбырлатып суғару технологиясының тиімділігі ағын суды 2 есеге үнемдеп, өнімділікті 3-4 есеге арттыратындығы ғылыми дәлелденген.
Екінші бағыт — бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу жобасын ендіру.
Биылғы жылы 128 ауыл округінен 5,2 мың га алқапта 1 928 шаруа қожалығы бірінші, екінші өнімнен 220 мың тн-ға жуық өнім жинады. 1-га-дан орташа 5,0 млн. теңгеден табыс тапты.
Үшінші бағыт — жеке қосалқы шаруашылықтардың ауласына тамшылатып суғару технологиясын ендіру арқылы ерте пісетін көкөніс, картоп, бақша өнімдерін өндіру.
Бұл жоба көп балалы аналарды, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларды жұмыспен қамтуда, жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
10 соттық жерге тамшылатып суғару мен агротехникалық шығындарын қоса есептегенде 462,0 мың теңге шығын жұмсап, 850,0 мың теңге табыс алынады.
Жобаны «Еңбек» бағдарламасымен бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант (530,0 мың тг.) есебінен қаржыландыру шешілді.
​Қазіргі таңда, 287 жоба іске асты, оның ішінде, 105 жоба грант есебінен қаржыландырылды.
Осы бағытта Сайрам, Сарыағаш, Түлкібас, Қазығұрт аудандары алдыңғы қатарда.
Бүгінгі семинар – кеңес ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін арттырудың инновациялық жолы десек болады.
«Тәлімі жерде сүр танаптың алқабын қысқарту мен масақты дақылдарды тікелей егу технологиясының» тиімділігі келесі мәселерді шешуде оңды ықпалын тигізеді:
Біріншіден — топырақты эрозияға ұшыраудан сақтайды;
Екіншіден — топырақтың құнарлығын арттырады;
Үшіншіден — сүр танапқа қалдырылған жерлердің әр гектарынан орташа 90,0 мың теңге табыс алынады. Бұл дегеніңіз, облыста жыл сайын сүр танапқа қалдырылатын 57,0 мың га алқаптан қосымша жыл сайын 5,1 млрд теңгенің өнімі өндіріледі деген сөз.
Төртіншіден – тікелей егудің нәтижесінде шаруалар әр гектардан 24,0 мың теңге қаржысын үнемдейді. Сондықтан тәлімі жерді парға қалдырмай, тікелей себу технологиясын ендіру Түркістан облысында агроөнеркәсіп кешенін дамытудың төртінші бағыты болып айқындалды.
Семинарға әрбір аудандағы ірі агроқұрылымдар арнайы шақырылып, тәжірибе алмасты.
Бұл өз кезеңінде агроқұрылымдарың шығынын азайтып, табысын арттыруға, саладағы еңбек өнімділігін 2,5 есеге ұлғайтуға оңды ықпал ететін болады.
Биылғы жылы қабылданған карантиндік шараларға қарамастан, Түркістан облысында агроөнеркәсіп кешенінде тұрақты өсім сақталып, көктемгі және күзгі дала жұмыстары өз мерзімінде атқарылды.
Егіс көлемі 17,0 мың га-ға артып, 846,0 мың га-ға жетті.
Масақты дақылдардан 513,0 мың тн дән жиналып, 64,0 мың тн-ға артты.
Дәндік жүгеріден 221,0 мың тн. жиналып, 6,0 мың тн-ға артты.
Көкөніс, картоп, бақша өнімдерінен 3,0 млн.тн. өнім жиналып, 400,0 мың тн-ға артты.
Мал азықтық дақылдардан 3,9 млн.тн. өнім жиналып, 1,5 жылдық мал азығы қоры жинақталды.
Мақта дақылы 126,0 мың га-ға егіліп, 331,0 мың тн. шитті мақта жинау күтіліп отыр. Бүгінгі күнде 30 пайызы жиналды.
Мақташыларды толғандыратын шитті мақтаның бағасы. Бүгіннен бастап, 18 мақта өңдейтін кәсіпорын шитті мақтаның бағасын 130,0 мың теңгеден қабылдауды бастады. Іріленген агроқұрылымдар үшін шитті мақта бағасы әлі де өседі деп күтілуде.
Семинар кеңесте облыс әкімі Ө.Шөкеев облыстың шаруаларына жемісті еңбектері үшін алғысын білдірді.
Облыстың еңбекқор дихандары келер жылдың өнімі үшін тікелей себу әдісімен 168,0 мың га-ға күздік астық егуді бастады.

Анықтама: Серіктестіктің егістік алқабына сүр танапсыз тікелей себу бойынша алғашқы сынағы 2016 жылы жүргізілді. Аталған серіктестік 2018 – 2019 жылдары Бразилия мемлекетінен алынған 2 бірлік дән сепкіш алып, облыста дәстүрлі масақты дақылдардың түсімділігі орташа 20-21 ц/га болса, шаруашылықтағы тікелей себу технологиясының түсімділігі орташа 32,2 ц/га құрады.
Сүр танапта қалдырмай тікелей себу әдістерін әлемнің дамыған елдері атап айтқанда: АҚШ, Канада, Бразилия, Аргентина елдерінің шаруалары кеңінен пайдаланады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай профилактикалық іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.