Түркістан облысында «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында Шардара ауданындағы облыстық маңызы бар «Шардара-Арыс-Темірлан» бағытындағы автомобиль жолындағы орташа жөндеуге қатысты бақылау және қадағалау жұмыстары жүргізілді.

Тексеру жұмыстарын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің мамандары Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Түркістан облысы филиалының «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК, техникалық қадағалаушы және мердігер мекеме өкілдерімен бірлесіп жүргізді. Нәтижесінде бірнеше сынамалар алынып, орын алған ақауларды қалпына келтіру жұмыстарының қажеттігі анықталды. Қазіргі таңда, анықталған ақаулықтарды жою бойынша тиісті шаруалар атқарылуда.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі