Мақсары – қалдықсыз өнім саналады. Майы алынғаннан кейін де үлкен сұранысқа ие. Яғни, майы сығылып алынған дәннің қалдығын шаруалар мал бордақылауға жақсы азық екенін алға тартады.
Биыл түлкібастық шаруалар 12 398 гектар жерге мақсары егіп, одан 14 630 тонна өнім алып отыр. Өнімділігі – әр гектарынан 11,8 центнерден түскен. Ауданда 700 шаруа қожалық майлы дақылдың бұл түрін егумен айналысады. Шаруалар бірі түскен өнімді келісін сапасына қарай 85 пен 120 теңгеден Шымкенттің май шығаратын зауыттарына өткізсе, бірі ортадағы делдалдар арқылы Қытай еліне жөнелтіп отыр.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі