• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Желтоқсан 20, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Агро

Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді

22.09.2020
0

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері қаралды. Аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы ҚР сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов, «Атамекен» ҰКП төрағасы А. Мырзахметов баяндады, Жоғарғы соттың судьясы А. Түкиев пен Тұтынушылардың құқықтарын қорғау коалициясының төрағасы М. Әбенов түсініктеме берді.

2020 жылдың 8 айында Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне қызметтер мен тауарлардың сапасына қатысты шағымдармен 8 мыңнан астам өтініш келіп түсті, олар бойынша тұтынушылардың 80%-ның құқықтары қорғалды (6 400 өтініш). Биылғы маусымда үкіметтік емес ұйымдар мен бизнесті тарта отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың біртұтас жүйесін құруға ықпал ететін заңнамалық түзетулер қабылданды. Премьер-Министр тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қазақстандық жүйесі «тұтынушы – қоғамдық бірлестік – мемлекет» өзара іс-қимыл жасау байланысы нақты құрылған шетелдік озық тәжірибені ескеруі тиіс екенін атап өтті. Бұл ретте азық-түлік саласына, медициналық қызметтерге, ТКШ, фармацевтикалық тауарларға, сондай-ақ туризмге ерекше назар аудару қажет. «Сапасына кепілдік беруге болатын өнімдерді өндіруге, бақылау мақсатындағы сатып алу механизімін пайдалануға, адал жарнама мен маркетингке бағытталған саясат жүргізу қажет», — деді А. Мамин.  Үкімет басшысы осы жылдың соңына дейін тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында қоғамдық ұйымдар бірлестігін құруды, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар базасында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі омбудсмен институтын енгізу мәселесін пысықтауды тапсырды. Ұлттық экономика, сауда және әділет министрліктеріне нормативтік-құқықтық актілер жобаларының тұтынушылардың құқықтарын қорғау тұрғысынан реттеушілік әсеріне талдау жүргізу бойынша міндетті талапты қарастыру тапсырылды. Бұған қоса, осы актілерді әзірлеуге қоғамдық кеңестердің құрамында үкіметтік емес ұйымдардың қатысуын қамтамасыз ету керек.  Сауда министрлігіне Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың тиімділік көрсеткіштеріне (KPI) тұтынушылар тарапынан қанағаттану және сенім деңгейін бағалауды қосу тапсырылды. «Атамекен» ҰКП-ға Ерікті іскерлік тәжірибе ережелерінің жиынтығын және тұтынушылардың мүдделері мен құқықтарын ескеретін үлгілік шарттарды қабылдау, сондай-ақ ұсынылатын қызметтер мен тауарлардың сапасын жақсарту үшін бизнесті ынталандыру шараларын пысықтау тапсырылды. Премьер-Министр 2020 жылғы 1 қарашаға дейін Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың біртұтас жүйесін құру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

primeminister.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ з

Айғақ медиа
19.12.2025
0

№144 жалпы орта мектебінде жаратылыстану пәндерін оқытуға арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараны Әдістемелік орталық ұйымдастырды. Жиынға Астана, Шымкент қалалары...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ШЕЖІРЕЛІ КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер. Шымкентте шежірелі кітаптың салтанатты тұсаукесер рәсімі өтті. Рухани шараға әр өңірден жиналған...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

265 ҮЙ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Қызылжар-2 шағынауданында жылдар бойы шешімін таппай келген инфрақұрылым мәселесі шешілді. Көктемде өткен көшпелі кездесуде тұрғындар ауыз су тапшылығы, газдың жоқтығын...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте Қошқар ата өзенін абаттандыру жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асуда. Бұл ауқымды жоба экологиялық жағдайды жақсартып, тұрғындарға заманауи әрі қауіпсіз...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Айғақ медиа
04.12.2025
0

Президентке еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды. Светлана Жақыпова:  халықты жұмыспен қамту...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.