Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Қанат Базарбаев Қазығұрт ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды.
Базарбаев Қанат 1976 жылы 10 маусымында Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2000 жылдың қараша айынан Шымкент гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі қызметінен бастап, Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасында, Батыс аймақтық көлік прокуратурасында, Оңтүстік-Шығыс аймақтық прокуратурасында түрлі қызметтерді атқарған.
Атырау көлік прокурорының орынбасары, Жамбыл облысы прокуратурасының әкімшілік және азаматтық істер бойынша сот актілері мен атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау басқармасы бастығының орынбасары, Тараз қаласы прокурорының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы, ҚР Бас прокуратурасының жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау Департаменті мен Күшіне енген сот үкімдерінің және олардың орындалу заңдылығын қадағалау Қызметі Басқармасының аға прокуроры лауазымдарында болған.