Шымкент қаласы мәслихатының кезекті алпыс тоғызыншы сессиясында депутаттардың бірі қала әкімінің есебіне ерекше баға беріп, оның «атасына алғыс» білдірді. Негізі күн тәртібінде 32 мәселе қаралатын жиында мегаполистің 2020-2022 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізіліп, жергілікті жеке меншік -мемлекеттік әріптестік жобаларының да тізбесі бекітілді.
Айта кетейік, сессия барысында күні кеше дауға айналған ипподромды көшіру мәселесі де айтылды. Халық қалаулылары ол аймаққа тұрғын үй салуға қарсы емес екендіктерін жеткізді. Осылайша, күн тәртібіндегі бірінші баяндамашы, яғни әкім Мұрат Әйтеновтен бастап, басқарма басшыларының баяндамаларын Шымкенттің депутаттары бір ауыздан мақұлдап бекітіп берді.
Депутаттар бір ауыздан қабылдаған 30-дан астам мәселені «Айғақ» телеарнасының кешкі Жаңалықтарында айтатын боламыз.
Aigak.kz