#ХалықтықТоп өкілдері құрылысы жүріп жатқан көпқабатты үйлерді аралап, жұмыс барысын көрді. Себебі, облыс орталығында қоныс жасауды ойлап отырған мұқтаж азаматтар, қызмет етіп жүргендер және басқалары ерекше күтуде.
Құрылысы қарқынды жүріп жатқан үйдің бірі былтыр мамыр айында басталған. Жалпы, аталған үйде 48 пәтер бар. Ол бір, екі және үш бөлмеге дейін бөлінген. Мердігерлер биыл жаңа жылға дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Нәтижесінде, баспанасыз жүрген, кезекте тұрған жандар қоныс тойын тойлауы күтілуде.
⠀
Ал, #ХалықтықТоп үйлердің құрылыс жұмыстарын көру барысында сапаға, қауіпсіздік шараларының орындалуына және арнайы форманы киюіне ерекше назар аударды. Дегенмен, жұмыстар сапалы орындалғанымен, алдымен адам денсаулығын басты орынға қойып, қауіпсіздік шараларын орындап, арнайы форма кию қажеттілігін нысан мердігерлеріне ескертті.
⠀
Құрметті қала тұрғындары!
⠀
Елдегі карантин режимінде әрдайым сақтық шараларын ұстанып, арақашықтық сақтап, бетперде тағып, антисептик қолданып жүруді назарға алуларыңызды сұраймыз!