Түркістан облыстық мәслихатының кезекті елу екінші сессиясы өткізілуде. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы, облыс әкімдігінің мүшелері, мемлекеттік орган басшылары, қала, аудан әкімдері және мәслихат хатшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткізіліп жатқан алқалы жиынның күн тәртібінде алты мәселе қаралуда.
1. Түркістан облысы әкімдігінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің іске асырылуы туралы есебі;
2. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы №13/141-VI » Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының мемлекеттік қолдау бюджеттік бағдарламасының орындалу барысы жөніндегі есебі туралы » шешімнің орындалуы барысы туралы;
3. Түркістан облысы Отырар ауданының бірқатар елді мекендерін тарату туралы;
4. » Оңтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы » бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі №100 қаулысына және №26/210-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
5. Алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кәсіпкерлікті, құрылыс және коммуналдық саланы дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасын сайлау туралы;
6. Алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы;
Аталған мәселелерді қарау нәтижесі бойынша облыстық маслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдайтын болады.
Aigak.kz