630 мыңнан астам қазақстандық сақтандыру пакеті аясында стационарларда жоспарлы ем алды, оған Қор 50 млрд теңге бөлді. Консультациялық-диагностикалық қызметтерге тағы 42 млрд теңге төленді.
Қор осы аралықта диагностикалық қызметтердің ішінде КТ мен МРТ сұраныс көп болғанын хабарлайды. Жарты жыл ішінде пациенттерге 1,1 млрд астам сомаға 96 мыңнан астам КТ қызметі және 1,6 млрд теңгеден астам сомаға 101 мыңнан астам МРТ қызметі көрсетілді.
Қордың мәліметінше, сақтандыру қаражаты есебінен үш миллион стоматология қызметі, екі миллион рентген қызметі және 1,6 миллионнан астам ультрадыбыстық диагностика қызметіне қаржы төленді.
Жоспарлы медициналық көмек 1 тамыздан қайта басталды, клиникалар пациенттерді қабылдауда.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі