• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Шілде 7, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Қазақстанның тұңғыш Президенті «Ядролық сынақтардан азат әлем үшін чемпион» мәртебесіне ие болды

27.08.2020
0

Қазақстанның тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ядролық сынақтардан азат әлем үшін чемпион» мәртебесіне ие болды. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 29 тамыз Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған арнайы сессиясында жарияланды.

Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты ұйымының (ЯСЖТШҰ) атқарушы хатшысы Лассина Зербо Қазақстанның ядролық қарусыз әлем құрудағы жаһандық күш-жігерге жетекшілік кезіндегі ерекше тарихи үлесін ескере отырып, Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа мәртебе беру туралы бастама көтерді. Елбасының 1991 жылы 29 тамызда әлемнің ең ірі ядролық полигондарының бірі – Семей ядролық полигонын жабу туралы шешімі адамзат тарихындағы бұрын-соңды болмаған ядролық сынақтарға алғашқы заңды тыйым ретінде ғана емес, сонымен бірге Халықаралық күнді белгілеу үшін маңызды негіз болды.

Бастамашылардың болжауынша, «Чемпиондар» ЯСЖТШ-ға қол қоймаған мемлекеттермен мақсатты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, олар ЯСЖТШ-пен ынтымақтастықтың артықшылықтары туралы түсініктерін жақсарту, сондай-ақ Қазақстанның ядролық инфрақұрылымын өз еркімен бөлшектеу секілді озық тәжірибелерімен бөліседі.

Финляндияның экс-президенті Тарья Халоненге де осындай мәртебе берілді. «Чемпиондар» сондай-ақ ЯСЖТШҰ-ның атақты тұлғалар тобының мүшелігіне кіреді.

БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясының барысында Елбасы Н.Назарбаевтың іс-шара қатысушыларға үндеуін Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді оқыды.

«1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан планетадағы ең қуатты ядролық қарудың төртінші арсеналынан бас тарту шешімін өз еркімен таңдады. Тарих бұл қадамның дұрыстығын растады – біз жарқын мысалмен бейбіт жолмен прогресс пен өркендеуге бет алуға болатынын көрсеттік», — деп атап өтті Елбасы өз үндеуінде.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті халықаралық қоғамдастыққа Қазақстанның үлгісімен жүруге және ядролық ессіздікті тоқтату үшін күш біріктіруге шақырды. «Мен Америка Құрама Штаттары, Ресей, Қытай және Еуропалық Одақтың басшылары планетаның болашағы үшін ерекше жауапкершілікте деп санаймын. Егер осы төртжақты форматта саммит өтетін болса, онда оның басты тақырыптарының бірі ядролық қаруды кезең-кезеңімен және пропорционалды түрде қысқарту туралы көпжақты келісімді әзірлеу болуы керек деп сенемін. Қазақстан осы саммитке өз алаңын ұсынуға дайын», — деді Елбасы өз үндеуінде.

Биыл COVID-19 пандемиясымен байланысты объективті себептермен БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі дәстүрлі іс-шарасы онлайн режимінде өтті. Отырысты ашқан БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясының Төрағасы Мұхаммад Тижани-Банде Қазақстанның ядролық сынақтарға тыйым салу бағытын ілгерілетудегі жетекші рөліне тоқталды. Ол 1945 жылдан бастап әлемде 2000-нан астам ядролық сынақтар жүргізіліп, планета мен адамзаттың бірнеше буыны үшін жойқын салдары болды. «БҰҰ құрылғаннан кейін 75 жыл өтсе де, ядролық қауіп әлі де сақталады, мыңдаған ядролық қару қоймаларда сақталып, пайдалануға дайын», — деді БҰҰ Бас Ассамблеясының Төрағасы.

БҰҰ-ның қарусыздану жөніндегі Жоғарғы өкілі Изуми Накамицу іс-шарада БҰҰ Бас Хатшысы Антониу Гутерриштің үндеуін жеткізді. Ол жаһандық ядролық сынақтарға тыйым салудың асыл мақсатына жетудегі кешеуілдеу үшін ешқандай себеп жоқ екенін және әлем мемлекеттерін Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа қол қойып, ратификациялауға шақырған БҰҰ Бас Хатшысының сөздерін айтты. Изуми Накамицу сонымен бірге қазіргі қиын геостратегиялық ортада халықаралық қауымдастық ядролық сынақтарға қарсы норманы қуаттау үшін күш-жігерін арттыруы керек деп қосты.

Сонымен қатар, отырыста ЯСЖТШҰ Атқарушы хатшысы Лассина Зербо, Финляндияның бұрынғы президенті Тарья Халонен, ядролық сынақтардан зардап шеккен мемлекеттердің азаматтық белсенділері — Карина Лестер (Аустралия) және Селина Лим (Маршалл аралдары), сондай-ақ БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері сөз сөйледі.

БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясы барысында БҰҰ-ға мүше мемлекеттерден, беделді халықаралық ұйымдардан және ҮЕҰ-дан, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарынан және азаматтық қоғамнан 300-ге жуық қатысушылары ЯСЖТШ-тің ерте күшіне енуді қамтамасыз ету арқылы ядролық сынақтарға түпкілікті тыйым салу жөніндегі қазіргі күш-жігерді бағалап, мазмұнды пікір алмасты.

Бас Ассамблеяның отырысына қатысушылар Қазақстанға ядролық қаруды таратпаудағы жетекші рөлі үшін алғыс білдіре отырып, бұл мәселені халықаралық қоғамдастықтың назарында ұстаудың, сондай-ақ көпшілік жыл сайынғы Қазақстан бастамашылық ететін Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күнін тойлаудың түбегейлі маңыздылығын атап өтті.

2009 жылғы 18 маусымда Семей ядролық полигонындағы сынақтардың тоқтатылуының 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шарада ҚР Президенті Н.Назарбаев 29 тамызды Дүниежүзілік ядролық қарудан бас тарту күні деп жариялау туралы бастама көтерді. Келісімнің нәтижесінде БҰҰ Бас Ассамблеясы 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялау туралы қарар қабылдады, оған сәйкес жыл сайын әлемге ядролық сынақтардың ауыр салдарын еске түсіру және болашақта олардың қайта басталмауы үшін іс-шаралар өткізіледі.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай профилактикалық іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.