12 тамыздағы ҚР Парламент Сенаты депутаттарының сайлауына Түркістан облысы бойынша 2 кандидат қатысқан. 2 сағатқа жалғасқан сайлауда Түркістан облысының 238 халық қалаулысы өз таңдауын жасады, — деп хабарлайды «Айғақ-Ақпарат» тілшісі.
Нәтижесінде, бұған дейін Парламент Сенатының депутаты болған Бектаев Әли Әбдікәрімұлын депутаттардың 216-сы таңдады. Яғни, жалпы дауыстың 91 пайызын жинаған ол жеңіске жетті. Ал, халық қалаулыларының 8.4 пайыз дауысына Көпеев Өрісбай Бұхарұлы ие болды. Сайлау науқаны барысында 2 таңдау парақшасы жарамсыз деп танылды.