Орта Азиядағы сәулеттік кесенелердің бірегейі — Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күмбезін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Тарихи-мәдени кешенде атқарылған жұмыстар бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен өткізілген пресс турда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер департаментінің басшысы Күміс Сейітова таныстырды.
Ауқымды жұмысты Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Қазқайтажаңарту» РМК жүргізген болатын. Күмбездің тарихи келбеті сақтала отырып, желдеткіш қабаттары да ретке келтірілген. Қазіргі уақытта күмбез етегіндегі сегіз қырмен қосылған жерінде гидрооқшаулау жұмыстары жүргізілуде.
Күмбезді қайта қалпына келтіру жұмыстары барысында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, оған белгілі тарихшылар мен зерттеушілер және білікті реставраторлар қатыстырылды.
«Әзірет Сұлтан» қорық мұражайының баспасөз қызметі.