• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Қаратау ауданында инфрақұрылым мәселесі шешімін табуда

24.07.2020
0

2020 жылғы 24 шілде күні Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі – А.Аликуловтың бұқаралық ақпарат құралдары саласы өкілдерімен брифингі өткізілді.
Брифинг барысында аудан әкімі Қаратау ауданында 2020 жылы инфрақұрылым, коммуналдық-шаруашылық салада атқарылған негізгі жұмыстар жөнінде толық атап өтті.

Жылу маусымына дайындық жүргізу:
Қаратау ауданындағы жылу алатын көпқабатты тұрғын үйлерге сығымдау жұмыстары жүргізілуде.Жалпы аудан бойынша 6 қызмет көрсетуші мекемелер көп қабатты үйлерді қысқы жылу маусымына дайындауда. Сығымдау барысында құбырлардың ақауларды тексеру, тік құбырларға 6-7 атмосфералық қысым берілуін анықтау, жарамсыз бұрандаларды ауыстыру жүргізілетін болады. Қазіргі таңда 200 көпқабатты тұрғын үйлердің жылу жүйелері сығымдаудан өтті.

Дезинфекциялау жұмыстары:
Көп қабатты тұрғын үйлерге қызмет көрсетуші мекемелер тарапынан (КСК) барлық көп қабатты тұрғын үйлерге аптасына екі рет дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде

Абаттандыру жұмыстары:
Қаратау ауданы аумағында жалпы 352 көп қабатты тұрғын үй 152 аулаға біріктірілген. Қазіргі таңда аудан аумағындағы 57 аулаға біріктірілген 139 көп қабатты тұрғын үй аулаларына заманауи үлгідегі сапалы балалар ойын алаңдары мен спорттық жаттығу тренажерлары және 20 ашық спорт алаңшаларын орнату мен күтіп ұстау жұмыстары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүргізілуде.

Санитарлық тазалықты сақтау:
Аудан аумағында 520 куб күл-қоқыс шығарылып, 218 шақырым ирригациялық жүйелерді тазалау, 3250 ағаш түбін әктеу, 350 ағашты санитарлық қырқу және 46 гектар аумақтың қураған шөбін ору жұмыстары атқарылды.

Ауыз сумен қамтамасыз ету:
Аудан аумағындағы «Достық», «Азат», «Тұран» шағынаудандары мен «Сайрам», «Тассай» тұрғын алаптарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары атқарылуда. Аталған нысандарды тапсыру мерзімі 2020 жылдың соңына жоспарланып отыр.

Электр жарығымен қамту:
Аудандағы «Таскен» тұрғын алабының ескі электр жүйелерін жаңарту қолға алынды. Аталған жұмыстар «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның инвестициялық бағдарламасы аясында ұйымдастырылуда. «Асар-2», «Достық» шағынаудандары мен «Тассай» тұрғын алабын және «Азат» шағынауданының Жаңақұрылыс аумағы мен «Қайтпас» шағынауданы және «Достық» тұрғын алабындағы жеке меншіктен электр жарығын пайдаланып отырған аумақтарын сапалы электр жарығымен қамту бойынша құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.

Табиғи газбен қамту:
«Асар-2», «Достық», «Тұран» шағынаудандарын табиғи газ жүйелерімен қамту мақсатында мердігер мекемелер анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, «Азат» шағынауданын табиғи газбен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары басталды.

Жолдар құрылысы:
Ағымдағы жылы аудан аумағындағы “Азат”, “Ақжайық”, “Асар-2”, “Бозарық” шағынаудандары, “Бозарық” саяжайы мен “Орманшы”, “Мәртөбе”, “Қайнарбұлақ”, “Достық” тұрғын алаптарындағы 16 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, “Тұран” шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерге баратын №1, №2 және №7 көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
“Сайрам” тұрғын алабындағы облыстық маңызы бар 4 көшеде 2018 жылы басталған күрделі жөндеу жұмыстары 2020 жылдың соңында пайдалануға берілетін болады.
Қазіргі уақытта аудандағы жалпы ұзындығы 39 шақырымды құрайтын 108 топырақ көшелерге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен бірге, аудан әкімі – А.Аликулов БАҚ өкілдері тарапынан қойылған ауданның инфрақұрылым және коммуналдық-шаруашылық саласына қатысты сауалдарға жауап беріп, алдағы уақытта аудандағы шешімін табуы тиіс мәселелер бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу жалғасатындығын мәлімдеді.
Брифингке Қаратау ауданы әкімі, әкім орынбасары мен аудан әкімі аппараты қызметкерлері және БАҚ саласы өкілдері қатысты.

Previous Post

Қай әкім отставкаға өтініш берді?

Next Post

Абайдың әні алғашқы рет жапон тілінде шырқалды

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.