Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, техника ғылымының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Лесбек Тәшімов бүгін дүниеден озды. Бұл суыт хабарды жақындары жеткізді, — деп хабарлайды Айғақ-Ақпарат тілшісі.
Тәшімов Лесбек 1949 жылы 27 желтоқсанда дүниеге келген. Білімі жоғары, 1971 жылы – Кызылорда педогогикалық институтын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі: математика мұғалімі.
Еңбек жолын 1971-1977 жылдары Қызылорда қалаасы №152 КҚТУ мұғалімі болып бастаған.1977-1981 жылдары Жамбыл гидромелиоративік құрылыс институтының Қызылорда қаласындағы филиалының аға оқытушысы болған, 1981-1983 жылдары С.Орджоникидзе атындағы Мәскеу авиациялық институтының тағлымдамашысы-зерттеушісі, 1983-1993 жылдары Шымкент қаласы Қазақ химия-технологиялық институтының аға оқытушысы, декан орынбасары, кафедра меңгерушісі, 1993-1994 жылдары облыстық білім беру департаменті бастығының бірінші орынбасары, 1994-1997 жылдары Шымкент педогогикалық дене тәрбиесі институтының проректоры, 1997-2008 жылдары Қ.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің директоры, 2008-2014 жылдары Қ.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің президенті болған. 2014 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің директоры қызметін атқарып келген болатын.
Лесбек Тәшімовтің қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.